20 Желтоқсан, 2013

Жаңа теннис орталығы ашылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаудың әлеуметтік нысандары жаңа теннис орта­лығымен толықты. Бар­лық қолайлы жағдайлары қа­растырылған заманауи спорт кешенінің ашылу салтанатында Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов пен Қазақстан Теннис феде­рациясының президенті Болат Өте­мұ­ратов сөз сөйлеп, спортшыларға табыс­тар тіледі.

Қалаға көрік қосқан әсем ғимараттың бой көтеруіне бизнес қауымдастығының белсенді түрде қатысқанын айта кеткен ләзім. Облыс әкімдігімен жасалған екіжақты келісімге орай «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС бұл жобаға 765,2 миллион теңге қаржы шығарды. Биылға жаз айында осы жүйемен 200 орындық «Алтын бала» балалар бақшасын пайдалануға берген серіктестік басшысы Марлен Мырзабеков алдағы кезде де қаланың әлеуметтік дамуына үлес қоса беретіндіктерін мәлімдеді.

Жаңа теннис орталығында халықаралық жарыстар өткізуге толық мүмкіндік бар. Мұнда үш жабық және осынша ашық теннис корттары спортшылар игілігіне берілген. Республикалық федерация вице-президенті Әділ Бөрлібаевтың айтуынша, теннис кешенінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу жоспарланған. Бұл спорттың бұқаралылығын арттырып, жаңа жетістіктерге жол ашпақ.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар