Әлем • 02 Ақпан, 2021

12 жастағы бала жуынатын бөлмеде ток соғып қайтыс болды

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік арт-блогер Анастасия Сосновскаяның ұлы жуынатын бөлмеде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

12 жастағы бала жуынатын бөлмеде ток соғып қайтыс болды

Нақты деректер бойынша Сосновскаяның ұлы суға түсіп жатқан кезде, оның үстіне қуат көзінде тұрған ұялы телефон түсіп кеткен. Сөйтіп оны тоқ соғып, ол оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмған.

Блогер өзінің Instagram парақшасында отбасында қайғылы жағдай орын алғанын айтты.

«Бастапқыда баламның неден қайтыс болғанын түсінген жоқпыз. Бірақ артынша тоқ соққаны белгілі болды. Суда жатқанда қуат көзінде тұрған телефон ішіне түсіп кеткен. Ол телефонды қолымен ұстап, жерге лақтырып үлгерген. Алайда тым кеш еді. Осы аралықта тоқ соғып үлгерген. Күйеуім қатты дауыстан ваннаның есігін ашып кірген кезде, баламыз көз жұмған», дейді ол

Осылайша блогердің 12 жастағы ұлын тоқ соғып қайтыс болды. Блогер өзінің хабарламасында ата-аналарды балаларына жуынатын бөлмеде телефон пайдалануға тыйым салуға шақырды.