Руханият • 02 Ақпан, 2021

Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай конференция өтті

404 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-публицист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлтының ұмытылмас тұлғасы –  Сапар Байжановтың шығармашылығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай конференция өтті

Жиын Сапар Байжановтың өнегелі өмірі туралы естеліктермен басталды. Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағы, шетелдік ғалымдар, республикалық БАҚ басшылары мен белгілі журналистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері жазушының әдеби-рухани мұрасымен қатар, қоғамдағы қайраткерлігі хақында да ойларымен бөлісті. Ал қаламгер туралы замандастарының «қазақ журналистикасының қара жорғасы, қарымды қаламгер, білгір ғалым» деп берген бағасы осы жиынның мазмұнын толықтыра түскендей.

Жазушының көзін көрген, қызметтес болған ақын, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин С.Байжановтың журналистикаға арнаған саналы ғұмыры жайлы әсерлі естелігімен бөлісті. Бас редактор, қаламы жүйрік журналист, ғалым Сапар Байжанов еліміздің аға басылымы «Социалистік Қазақстан» –  «Егемен Қазақстан» газетіне ұзақ жылдар басшылық жасап, мәдени және әлеуметтік дамуымызға сүбелі үлес қосқаны белгілі. Сапар Байжановтың оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген «Замандас туралы толғау», «Архив-айғақ», «Абай және архив», «Қажыға барған қазақтар» сынды зерттеулері ғылыми ортаға жақсы таныс. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1952 жылы бітіргеннен кейінгі еңбек жолын еліміздегі баспасөз саласында жалғасырып, осы салада жемісті еңбек еткені, «Лениншіл жас» газетінің әдеби қызметкері, жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Мәдениет және тұрмыс» журналының жауапты хатшылығынан бас редакторға дейінгі еңбек жолы, одан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратындағы жауапты қызметі туралы естеліктер қаламгер болмысын сипаттап қана қоймай, қайраткерлігі хақындағы ойлармен жалғасын тапты.

759

 «Социалистік Қазақстан», қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы болып еңбек еткен он жылға жуық уақыт ішінде еліміздің барлық өңірлерінен қаламы қарымды журналистерді жинап, оларды қаламына қарап танитын көрегенділігі хақындағыхақындағы естеліктер де С.Байжановтың қайраткерлігі, ағалық қасиеттерінің мазмұнын аша түседі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Халықтар Достығы», «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері Сапар Байжановтың ізгілікті істері жайында жарыққа шыққан «Өмірге өкпесі жоқ адам» естеліктер жинағы осыған дәлел болса керек-ті.

Жиын барысында қаламгердің Бас Мұрағат басқармасының басшылығындағы қызметіне тоқталған «Қазақстан медиа альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұртөре Жүсіп қайраткердің рухани байлығымызды дамытуға сіңірген өлшеусіз еңбектерін атап өтті. «Социалистік Қазақстан» газетінің Бас редакторы ретінде әйледерге арналған арнайы бет ашып, «Қаламқас» қосымшасын шығарған кезеңді ерекше ықыласпен еске алған журналист Сәуле Әбішқызы бас редактор Сапар Байжановтың қазақ журналистерінің әлеуметтік мәселелерін үнемі назарда ұстап, баспаналы болуына барынша қолдау көрсеткен азаматтығы жайында әңгімеледі. Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек ұстаздың бойындағы кішіпейілдік мінезі мен болмысы, өнеге алар кісілігі жайындағы естеліктерімен көпшіліктің назарын аударса, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Серікбайқызы жазушы, журналист, публицист Сапар Байжанов шығармашылығы хақындағы конференциясын ұйымдастыру дәстүрге айналғандығын атап өтіп, қаламгер туындыларын жаңа көзқараспен зерттеп, рухани мұраларын сақтайтын ғылыми орта қалыптастыру қажеттігін ұсынды.  Ал Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университеті  Баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті Ғалия Ақсейіт «Сапар Байжанов  публицистикасының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, өз ойларымен бөлісті. Бүгінде жазушының қаламынан шыққан публицистикалық шығармалары, ең алғаш жарық көрген кітаптарының бірі «Үш қиян - үш даңғыл», шетелдегі іссапар очерктері енген «Ер еңселі ел», тағы да басқа кітаптары журналистика факультетінің студенттері үшін танымдық мәні бар оқулыққа айналған.  

Қаламгердің осындай сұранысқа ие көптеген туындылары конференция барысында ұйымдастырылған көрмеге қойылды.

Жиын барысында қаламгердің Бас Мұрағат басқармасының басшылығындағы қызметіне тоқталған «Қазақстан медиа альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұртөре Жүсіп қайраткердің рухани байлығымызды дамытуға сіңірген өлшеусіз еңбектерін атап өтті. «Социалистік Қазақстан» газетінің Бас редакторы ретінде әйледерге арналған арнайы бет ашып, «Қаламқас» қосымшасын шығарған кезеңді ерекше ықыласпен еске алған журналист Сәуле Әбішқызы бас редактор Сапар Байжановтың қазақ журналистерінің әлеуметтік мәселелерін үнемі назарда ұстап, баспаналы болуына барынша қолдау көрсеткен азаматтығы жайында әңгімеледі. Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек ұстаздың бойындағы кішіпейілдік мінезі мен болмысы, өнеге алар кісілігі жайындағы естеліктерімен көпшіліктің назарын аударса, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Серікбайқызы жазушы, журналист, публицист Сапар Байжанов шығармашылығы хақындағы конференциясын ұйымдастыру дәстүрге айналғандығын атап өтіп, қаламгер туындыларын жаңа көзқараспен зерттеп, рухани мұраларын сақтайтын ғылыми орта қалыптастыру қажеттігін ұсынды.  Ал Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университеті  Баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті Ғалия Ақсейіт «Сапар Байжанов  публицистикасының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, өз ойларымен бөлісті. Бүгінде жазушының қаламынан шыққан публицистикалық шығармалары, ең алғаш жарық көрген кітаптарының бірі «Үш қиян - үш даңғыл», шетелдегі іссапар очерктері енген «Ер еңселі ел», тағы да басқа  кітаптары журналистика факультетінің студенттері үшін танымдық мәні бар оқулыққа айналған. Қаламгердің осындай сұранысқа ие көптеген туындылары конференция барысында ұйымдастырылған көрмеге қойылды.