Видео • 02 Ақпан, 2021

Баянауыл көшелерін су басты

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баянауыл ауданында орталық су мұнарасы істен шығып, көшелерге су жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.


Баянауыл көшелерін су басты

Аймақ тұрғындарының айтуынша, мұндай жағдай жаз мезгілінде де бірнеше рет қайталанған. Айта кету керек, ауданды орталық су жүйесімен қамтамасыз ететін маңызды нысан екі жыл бұрын қолданысқа берілген болатын.


Нұрбол, Баянауыл ауданының тұрғыны:

– Бұл енді бірінші рет болып жатқан жағдай емес. Жазды күндері де бірнеше рет болған. Енді қысты күні қайталанып отыр. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Тоқтамаса, мына үйлердің ішіне де  су кіру қаупі бар. Сол себепті бұған бір шара қолданса деген Шәкен Айманов атындағы тұрғындардың өтініші бар.

Ал жергілікті коммуналдық сала өкілдері апат салдарының жойылғанын хабарлады. Оқыс жағдайға су тазарту бекетіндегі автоматты құрылғының істен шығуы себеп болыпты. Соның кесірінен таза су сақталатын резервуарлар толып кеткен.

Руслан Авкубаев, қызмет көрсету мекемесінің өкілі:

– Таңғы сағат 5-тен 8-ге дейін біз апатты жағдайды толық қалпына келтірдік. Су құбырлары желісі қазір қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.