Экология • 02 Ақпан, 2021

Бозжырада қонақүй құрылысы басталды

680 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамның қарсылығын тудыртқан Маңғыстау өңіріндегі Бозжырада қонақ үйдің құрылысы басталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бозжырада қонақүй құрылысы басталды

Мәліметтерге сәйкес қонақүй шатқалдан 4 шақырым жерде бой көтереді. Қазір мұнда инженерлік-геологиялық іздеу жұмыстары жүріп жатқан сыңайлы. Өңір әкімдігі бұл ақпаратты растады, ал инвесторлар құрылыс техникасы ерекше қорғалатын аумаққа мүлде жақындамайды деп сендіріп отыр.

Еске сала кетейік, Экология министрі туризмді дамыту мен Бозжыра сияқты уникалды табиғи нысанның экожүйесін сақтаудың арасында тепе-теңдік болу керектігін айтқан-ды.

Оған қоса бұған дейін маңғыстаулық белсенділер табиғи қорықта қонақүйдің салынуына қарсылық білдірген еді. Осыдан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жобаны қайта қарауды тапсырған. Алайда көпшіліктің наразылығына қарамастан, билік қорыққа қонақүй ауадай қажет деген ұстанымнан таймай отыр.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15