KAZ Minerals - Қазақстанда, Ресейде және Қырғызстанда карьер үлгісіндегі өндірісті дамытуға бағытталған мыс өндіретін кәсіпорын.
Компаниялар тобы қызметін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы ашық үлгідегі кеніштерде, Шығыс Қазақстандағы үш кеніште және тиісті байыту фабрикаларында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді.
KAZ Minerals PLC акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларында саудаланады. Компанияда 16 мыңға жуық адам жұмыс істейді және олар - негізінен Қазақстан азаматтары.