Тағайындау • 02 Ақпан, 2021

Атыраудағы Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді бұл лауазымды Ринат Джанглишов атқаратын болды. Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов оны Махамбет ауданының әкімі лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz

Атыраудағы Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ринат Бауыржанұлы 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетінде заңгер, экономист және мұнай-газ ісі мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде тергеуші болып бастады.

2006-2018 жылдары бірнеше  жеке кәсіпорында басшылық етті. Ал 2018-2019 жылдары Атырау қаласы мәслихатының хатшысы,   2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Өткен жылғы қарашадан бері облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болды.