Саясат • 03 Ақпан, 2021

Жауынгерлік әзірлік тексерілді

800 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарулы Күштердің жұмысын тексеру кезеңі басталды. Талдықорған гарнизонының жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелері дабыл бойынша бірінші болып көтерілді. Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Бектанов тексерді.

Жауынгерлік әзірлік тексерілді

Ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосына жүктеген міндеттердің ішінде жауынгерлік тәжі­ри­бені ұдайы арттыру басым бағыттардың бірі болып саналады. Ал әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қауырт тексеру айқын көрсете алады.

Дабыл бойынша көтерілген Құрлық әскерлерінің барлау және байланыс бөлімдері қал­ған әскерлердің бөлім­шеле­ріне қатысты жоғары әзір­лікте болуға тиіс. «Қор­ға­ныс министрінің әскери қыз­метшілерді полигондарда іс-қимыл жасауға үйрету талабын орындай отырып, бөлімшелер әскери-көлік авиациясын қоса алғанда, әртүрлі тәсілдермен жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерін орындау аудандарына жіберілді. Барлау полкін тексеру алғаш рет Қазақстан Республикасының әртүрлі географиялық және климаттық аймақтарындағы бес полигонда ұйымдастырылды», деді Бас штаб бастығы.

Жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларымен өзара байланысты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлау бөлімшелері, танк және артил­лериялық бөлімшелері дабыл­мен көтерілген соң, «Мәті­бұлақ» полигонына марш жасап, белгіленген аудандар­ды қорғанысына алды. Қазіргі қақтығыстардың тәжіри­бесін ескере отырып, әскер­лердің өміршеңдігін арттыру бойынша іс-шаралар ұйым­дастырылды. Әскерлер мен басқару пункттерін бүрке­мелеу жүргізілді, жалған тірек пункттері мен позициялар макеттер мен басқа да қолда бар құралдарды пайдалана отырып жабдықталды.

«Мәтібұлақ» полигонын­да ұшқышсыз ұшу аппа­рат­тарының есептобы әуе барлауын жүргізді. Ол жасырынған нысандардың 80 пайыздан астамының деректерін анық­тап, нақты және жалған позицияларды анықтады. Сондай-ақ артиллерияның атысын реттеуге байланысты тапсырмаларды орындады.

Авиабазаның ұшу құрамы барлау полкінің көздеушілері нысана көрсеткіштерін жерден іс жүзінде бағыттай отырып, «Қызылағаш» әуе поли­гонында жауынгерлік ұшу жасады.

«Спасск», «Сарыөзек» және «Жетісу» оқу поли­гон­дар­ында барлаушылар ны­сан­дарға барлау жүргізді. Әс­­кери топография, радиа­ция­лық, химиялық және биоло­гиялық қорғау, байланыс, нұқ­сан келтіру ісі, дене шынықтыру және әскери-медициналық дайындық бо­йынша нормативтерді тапсырды. Авиациялық полигонда олар іс жүзінде майдандық авиацияны нысанаға алып, түнгі шабуылға шықты және шартты жаудың нысандарына шабуыл жасады. Барлық полигондарда штаттық қарудан бақылау атыс жаттығуларын орындады.

Белгіленген аудандарда байланысшылар қысқа мер­зімде байланыс торап­тарын орналастырды, бұл әртүрлі бағыттарда жұмыс істейтін әскерлерді басқа­руды қамтамасыз етті. Бұл өт­кі­зілген радио және пысық­талған нормативтердің нәти­же­лерімен расталды. Полктің штабы тұрақты орналасу пунктінен үлкен қашықтықта жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындайтын бөлімшелерді жоспарлау мен басқаруды орындады.

Тексеру қорытындысы бойынша лауазымды тұлға­ларға жауынгерлік және жұ­мылдыру әзірлігі, әскерлердің биылғы жылы өтетін ірі ауқымды оқу-жаттығуларға сапа­лы дайындығы мәселе­лерін жетілдіру бойынша нақты міндеттер қойылды.