20 Желтоқсан, 2013

Олар біздің есімізде

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің жүрегі Астана күн сайын құлпырып, өсіп келеді. Бүгінде төрткүл дүниеге мәшһүр болып отырған елорданың өркендеуіне осындағы қалам ұстаған қауымның да қосқан үлесі зор. Осыған орай бас қаламызда қала әкімдігінің қолдауымен өмірден озып кеткен дарынды қаламгер-журналистерді еске алуға арналған «Олардың есімдері жүрегімізде» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Осымен екінші рет өткізіліп отырған аталмыш шарада Ербол Шаймерденов, Дүкенбай Досжан, Владимир Гундарев, Әскен Нәбиев, Бақтыбай Шаханов, Андрей Тришечкин, Сабыржан Шүкіров, Марфуға Бектемірова, Наталья Хабарова, Иван Балу­чевский сынды өзге де азаматтар еске алынды. Сондай-ақ, кеште олар туралы бейнематериалдар көрсетіліп, қаламгер-журналистер жайында көзкөрген жандар естеліктер айтты.

«Шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз біріншіден өмірден мезгілсіз озып кеткен астаналық қаламгер журналистерді бір сәт есімізге алып, олардың рухына тағзым ету болса, екіншіден кейінгі буын жастарға олардың шаһардың өсіп-өркендеуіне қосқан қажырлы еңбектері жайынан сыр шерту еді. Осындай игі мақсатпен екінші рет өткізіліп отырған басқосу бұйыртса алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймын», – деді шараның басы-қасында жүрген «Түгел-Медиа» бірлестігінің басшысы Сәдібек Түгел.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар