Медицина • 03 Ақпан, 2021

Дәрігерлік көмек деңгейін арттырады

421 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы барысында жүзеге асырылған жобалардың бірі – облыс орталығындағы №1 қалалық ауруханаға қосымша салынған жедел дәрігерлік кө­мек көрсететін бөлімше бол­са, екіншісі – облыстық кар­дио­лог­иялық кешеннің инсульт орта­лығы науқастарды қабыл­дауға әзір.

Дәрігерлік көмек деңгейін арттырады

Суретті түсірген Валерий Бугаев

 

– Бұл бөлімшенің негізгі міндеті – науқастарды қабылдау, диагностика жасау және жедел көмек көрсету. Былтыр жедел медициналық көмек алу бойынша біздің ауруханаға 62 мың адам түсті. Науқастардың 16,5 мыңы ауруханада емделсе, қал­ған нау­қастар амбулаторлық ем қабыл­дауға жіберілді. Әрине, науқастар денсаулық жағдайларына байланыс­ты «Қызыл», «Сары» және «Жасыл» санатқа бөлінеді. Жаңа бөлімше ғи­ма­ратының қосымша салынуы ар­қылы емделушілердің қай топқа қарай­тыны бірнеше минуттың ішінде анық­талып, тиісті бағыт бойын­ша емдеуге жіберіледі, – дейді №1 қалалық ауру­ха­наның бас дәрігері Нұрлан Жұмажанов.

1979 жылы салынған аурухана ғимаратында медицинаның заманауи талаптарына сай науқастарды қабылдау бөлімін қайта құру туралы шешім қабылданды. Бұл жоба­ның құны – 2,4 млрд теңге, оның 1,8 млрд теңгесіне медициналық құ­­рал-жабдықтар сатып алынған. Бө­лім­шедегі операциялық бөлмелер эндос­копиялық және мо­бильді диаг­нос­тикалық құралдармен жабдық­талған. Онда реанимациялық зал, опе­рациялық блок, таза бөлмелер кешені бар. Реаниматологтың жұмыс стансасы онлайн режімде бірден 16 науқастың денсаулығын көрсетіп, олардың жағдайын қадағалауға мүм­кіндік береді. Қарқынды терапия бөл­месі өкпені жасанды желдету ап­парат­тары, дефибрилляторлар, мониторлар және жылжымалы бақылау аппараттарымен жабдықталған. Тағы бір жаңа жабдық – қуаттылығы саға­тына 60 тест жасай алатын им­му­ногематологиялық анализатор орна­тылған.

– Шұғыл көмек көрсетуді қа­жет етпейтін «Жасыл» топтағы нау­қас­­тар үшін жеке кіру есігі қарас­тырыл­ған. Біздің қызметкерлер жаңа жабдық­тармен жұмыс істеуге толық да­йын, реанимация, кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы, жара­қаттану кезінде ауруханаға дейінгі медици­налық көмек көрсету курстарынан өтті, – дейді бас дәрігер.

Алдағы уақытта науқастарды қабыл­дау және оларға көмек көрсету мер­зімдері реттеледі. Қосымша бө­лім­шенің ашылуына қатысқан облыс әкімі Әбілқайыр Ысқақов нау­қастарды қабылдау және оларға кө­мек көрсету мерзімдерінің орында­луына үнемі мониторинг жүргізу қажеттігін тапсырды. «Сонда ғана ме­дициналық инфрақұрылымға салын­ған инвестицияның нәтижесі болады. Ең бастысы, ауруханаға түскен науқас барлық қажетті медициналық көмекті алуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Ал облыстық кардиологиялық кешен жанындағы Инсульт орталығы рентген-эндоваскулярлық хирургия зертханасын және стерильдеу бөлім­шесін қайта жоспарлау нәтижесінде құрылды. Мұнда операциядан кейінгі және ауыр жағдайдағы науқастар үшін қарқынды терапия бөлімі, сондай-ақ компьютерлік томография кабинеті және рентген-операциялық бөлмелері бар. Оның барлығы да жедел және бір жерде көмек көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи медициналық жаб­дықтармен қамтылған.

– Жыл сайын өңірде инсульт­ке шалдығатын науқастардың кө­беюіне байланысты осы орталыққа қа­жеттілік туындады. Тек өткен жылы 2,5 мыңға жуық адам инсульт алған. Енді жаңа ашылған бөлім алғашқы диагностиканы 7 минутта анықтауға мүмкіндік береді, – дейді кардиоорталық басшысы Әділжан Әлбазаров.

Алдағы жылы кардиологиялық орталықты толыққанды клиникалық-диагностикалық кешенге айналдыру жоспарлануда. Бұл операция жасауды қажет ететін қантамыр аурулары бар науқастар санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Жобалар барысында бүгінде орталықта жүрекке жылына 600-ге жуық ашық операция жасалып келсе, болашақта бұл көрсеткішті дәрігерлер 1 мыңға дейін жеткізбек.

 

Павлодар облысы