Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының далалық оқу орталығында Алматы гарнизонының әскери бөлімдеріне келген жас сарбаздар үшін таныстыру сабағы өткізілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының далалық оқу орталығында Алматы гарнизонының әскери бөлімдеріне келген жас сарбаздар үшін таныстыру сабағы өткізілді, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.



Тәуелсіздік күні қарсаңында әскери ант қабылдаған сарбаздар нағыз жауынгерлік өмірмен танысты, оның ішінде шекара әскерлерінің санатындағы қару-жарақ пен шекараны қорғауға арналған техникалық құралдардың мүмкіндіктері көрсетілді. Әскери киім-кешектің түр-түрінен бастап радиолокациялық құралдардың жұмыс істеуіне дейін көрсету жағы да естен шығарылмады.
Шекара бұзушыларды іздеу және ұстау жолдары, бұл мақсатта жан-жануарлардың, оның ішінде қызметтік иттер мен аттардың көмегін қалай пайдалану керектігі де іс жүзінде көрініс тапты. Академияның бірінші курс студенттері атқа мінудің қыр-сырын түсіндірді.
Бұл күні далалық оқу орталығы жауынгерлік іс-қимыл алаңын еске түсіргендей болды. Түтіндеткіштер, атылған қару-жарақ, гранаталардың жарылған дыбыстары мен оқ-дәрі иісі жас сарбаздарға алдағы әскери өмірдің қалай болатындығын меңзеп тұрғандай, яғни болашақ қызмет барысында осы әскери қимылдардың барлығын теориялық жағынан ғана емес, практикалық тұрғыдан да өздеріне меңгеруге тура келеді.
Әскери іс-қимылдар ешкімді де бейжай қалдырмады. «Боран» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері шекараны бұзушыларды қалай ұстау керектігін іс жүзінде жоғары шеберлікпен дәлелдеді.
Шекара қызметінің сапына келген жас сарбаздардың алдында жоғарыдағы қару-жарақ түрлері мен әскери қимылдарды терең меңгеріп, ертеңгі күні еліміздің қасиетті шекарасын күзету міндеті тұр.