20 Желтоқсан, 2013

Шаңғы орталығы ашылды

540 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл шаңғы спорты орталығын қостанайлықтар көптен күткен еді. Өңірде қыс ұзақ, жыл сайын қар шаңғы сырғанайтын қалыңдықта жауады. Қысқы спорт түрлеріне қызығушылар көп те, ал жасалған жағдай кемшін болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында халықтың денсаулығына, саламатты өмір салтына аса мән беріп келеді. Соңғы жылдары Қостанайда спорт нысандары бірінен кейін бірі бой көтерді.

 

Бұл шаңғы спорты орталығын қостанайлықтар көптен күткен еді. Өңірде қыс ұзақ, жыл сайын қар шаңғы сырғанайтын қалыңдықта жауады. Қысқы спорт түрлеріне қызығушылар көп те, ал жасалған жағдай кемшін болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында халықтың денсаулығына, саламатты өмір салтына аса мән беріп келеді. Соңғы жылдары Қостанайда спорт нысандары бірінен кейін бірі бой көтерді.

Енді, міне, Тобыл өзенінің жағасынан «Ар­лан-2050» шаң­ғы спорты орталығы ашыл­ды. Оған қатысқан облыс әкімі Нұ­ра­­лы Сәдуа­қасов бұл спорт нысаны саламатты өмір салтын қа­лып­тас­тыруда жаңа белес екенін айтты.

– Қазір тек Қостанай қаласы­ның өзін­де ғана 313 спорт ғима­ра­ты бар, оның қата­ры жыл сайын­ толығып келеді. Облыс орта­­лы­ғында спортпен және дене­шы­нық­ты­румен айналы­са­тын­­­дар саны 57 мыңнан асып түседі, оның ішінде спорт секция­ла­рына 22 мың жас барады. Спорт – адам­­­дар ден­­сау­лығының кепілі. Елі­міз спорт­шыларының қысқы Азия ойын­да­рындағы табысынан кейін Сочиде өтетін XXII Қысқы олимпиададан да үмітіміз мол. Біздің әлемдік деңгейдегі спортшы жерлестеріміз де ел намысы үшін күресетін болады, – деді Нұралы Мұста­фаұлы.

Жаңадан ашылған орталықта спорттың қысқы түрімен айналысамын дегенге барлық жағдай бар. Шаңғы даңғылының ұзындығы 130 метр, ені 36 метр. Мұнда келушілер биіктетілген тау шаңғысын да тебе алады. Ал екі қабаттан тұратын шаңғы орталығы ғимаратының ішінде келушілерге киім ауыстыратын орындар, ыстық шай ішетін дәмхана, қонақүй секілді барлық қолайлылық қарастырылған.

Шаңғы спортынан кезінде әлемді дүрілдеткен Иван Гара­нин осында тұрады. Ардагер спортшы жаңа шаңғы жолынан бірінші болып өтті.

– Мен 1975 жылы шаңғымен 90 шақы­рымды 4 сағат 30 минут 34 секундта жүгіріп өткен едім. Бұл рекордты әлемде әлі ешкім жаңартқан жоқ. Біздің спортшыларға өсу керек. Ал мынандай заманауи спорт орталығы барда жас шаңғышылардың төмен көрсеткіш көрсетуге хақы жоқ, – деді Иван Гаранин.

Алдағы уақытта жаңадан ашыл­­ған шаңғы спорты орталы­ғына жақын орналасқан шаңғы ба­засы да қайта жөндеуден өткі­зі­летін болады. Әрине, бұл шаңғы спор­тының облыс­та бұқаралық сипат алуына мүмкіндік туғы­зады. Шаңғы орталығы орна­лас­­қан Тобылдың жағасын жаз ай­­ларында да тиімді пайдалану үш­ін алдағы уақытта сүйретпелі су шаң­­ғысы жолын салу жоспарда бар.

Бұл заманауи демалыс кеше­ніне кәсіпкер Болат Теңіз­баев өз қаражатын салды. Көптің игі­лігіне айналар іске ол да ұзақ ғұмыр тіледі.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Соңғы жаңалықтар