Енді ЕО аумағына аурудың минималды статистикасы бар және оңтүстікафрикалық, британдық немесе бразилиялық жаңа штамдарды жұқтыру жағдайлары жоқ мемлекеттердің тұрғындары ғана кіре алады.
Австрия – карантинді жеңілдетіп жатқан жалғыз еуропалық ел. Онда дүкендер, мұражайлар мен хайуанаттар бағы кезең-кезеңімен ашыла бастайды. Әр түрлі мекенжайларда тұратын адамдардың қайтадан кездесулеріне болады, бірақ әзірге бір уақытта екі отбасыдан аспайды. Қоғамдық орындарда маска кию міндетті болып қала береді, халықты қарқынды тестілеу жалғасады.
Ұлыбританияда covid-19 жаппай тестілеу науқаны басталады, шара барысында арнайы бригадалар вирустың соңғы нұсқалары анықталған аудандардағы үйлерді аралап, адамның ауру белгілері бар-жоғына қарамастан сынақтар жүргізеді. Бірінші кезеңде елдің сегіз ауданында 80 мың адамды сынақтан өткізу жоспарлануда. Ел билігі бұл қадамның жұқпалылығы жоғары деп саналатын КВИ-дың жаңа оңтүстік африкалық штамының таралуын бақылауға көмектесетіндігіне сенімді.
Жапония Токио мен елдің басқа аймақтарында төтенше жағдай режимін тағы бір айға ұзарту туралы мәселені қарастыруда. Билік індеттің таралу статистикасы төмендегенін айтуда, бірақ қажетті нәтиже әлі алыс. Бұл полицияға осы уақытқа дейін карантинді бұзушыларға айыппұл салуға өкілеттік берілмегендігіне байланысты орын алған. Сәрсенбі күні Жапония парламентінің жоғарғы палатасы Үкіметтің карантиндік шешімдеріне басқа мәртебе бере алады деп күтілуде.