Қоғам • 03 Ақпан, 2021

COVID-2019: Шақандағы қарттар үйінің халі мүшкіл

674 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысына қарасты Шақан елді мекеніндегі қарттар үйінде коронавирус өршіп, дені 96 адам инфекцияны жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz

COVID-2019: Шақандағы қарттар үйінің халі мүшкіл

Елді мекендегі індетті жұқтыру көрсеткіштері облыстық деңгейден асып кеткен. Сөйтіп, мамандар вирус ошағын зарарсыздандырып, қызметкерлер мен қарттарды ПТР тестілеуден өткізеді. Сондай-ақ билік бұл өңірге 6 ақпаннан бастап қатаңдатылған карантиндік шараларды енгізбек.

Осыған орай елді мекенде мектепке дейінгі мекеме, білім саласына қатысты түрлі үйірмелер, спорттық жаттығу залдары мен мәдени нысандардың жұмысы тоқтайды, әрі мектептер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді. Демалыс күндері монша, сауна, базар жұмыстарына тыйым салынады. Мұндағы екінші деңгейлі банктер, пошта бөлімшелері, нотариус, ломбард, сақтандыру компаниялары, шағын кредиттік ұйымдар алдын ала жазылу әдісімен сағат 09:00 – 16:00 аралығында ғана жұмыс істейді.

Өкінішке қарай, Шақандағы қарттар үйінде короновирусты 70 қария және 26 қызметкер жұқтырған.

«Қазіргі уақытта ауру ошағы толық жойылды. Сырқатты жұқтырғандар мен олармен араласқан адамдар анықталып тексеріліп жатыр. Ал мекемеде дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, науқастарға көмек көрсетіліп жатыр», деп мәлімдеді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекова.