Аймақтар • 03 Ақпан, 2021

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында тұман күтіледі. 

4-5 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

4-5 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласын кей уақытта тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

4 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қатты қар, күндіз кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с. Өскеменде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семейде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 4 ақпанда Павлодар облысында кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Тәулік бойы 4 ақпанда кей жерлерде тұман, қөқтайғақ күтіледі. Павлодар қаласында тәулік бойы 4 ақпанда тұман, қөқтайғақ күтіледі. Ақмола облысы 4-5 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде көктайғақ күтіледі.

4 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай қаласында тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысы 4 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында кей уақытта тұман күтіледі.