20 Желтоқсан, 2013

Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 12 -bozimbaevБүгін, Павлодар облысының жаңа әкімі болып бұрын Жамбыл облысын басқарған Қанат Бозымбаев тағайындалды. Оны облыс активінің жиынында Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов таныстырды. Бұл туралы Nur.rz хабарлады.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда туған. 1993 жылы Қазақ мемлекетті басқару академиясының экономикалық және әлеуметтік жоспарлау факультетін бітірген. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1997 жылы Экономика және сауда министрлігі өңірлік саясат бөлімінің бастығы болды.1997-1998 жылы «КазТрансОйл» ЖАҚ ұлттық мұнай тасымалдау компаниясының қаржылық-жиынтық департаментінің бастығы, экономика мәселелері жөніндегі вице-президенті, ал 1998 -2001 жылы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мұнай және газ департаментінің директоры, вице-министр қызметтерін атқарды. 2001 жылы "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" ААҚ бірінші вице-президенті. 2009 жылдың 30 қарашасынан бастап осы кезге дейін Жамбыл облысының әкімі болды.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Nur.rz

Фото: «Параграф» ақпараттық жүйе

Соңғы жаңалықтар