Әлем • 03 Ақпан, 2021

Угандада жол апатынан 32 адам көз жұмды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уганданың батысындағы шосседе бес көліктің қатысуымен болған жол апатынан 32 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Угандада жол апатынан 32 адам көз жұмды

«Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Форт-Портал – Касесе жолында 2 ақпан күні бес көлік соқтығысып, 32 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бесеуі ауыр жарақат алған», деді Қызыл Жарты айдың Угандадағы өкілі Иран Накасита.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол апатына жүк көлігі жүргізушісінің рөлге ие бола алмай қалуы себеп.

Көлік ішінде адамдар болған. Полиция оқиғаны тергеуге кірісті. Жергілікті билік жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқандығынан хабар беретін белгі қоймағаны үшін компанияның үстінен шағым түсіріп үлгерген.