Депутаттар жаңа үкіметтің құрамын, құрылымын және бағдарламасын бекітті. Марипов үкімет құрылымы қайта жасалып, бұрынғыға қарағанда мобильді және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге қабілетті болғанын атап өтті.
Ол 3 вице-премьер-министрдің қызметі қысқартылып, бірқатар министрлік пен ведомстволар біріктірілгенін айтты.
Улукбек Марипов мемлекеттік қызметтер, агенттіктер мен қорлар келесі кезеңде құрылатынын ескертті.
Жаңа үкімет жобасы төмендегідей:
- премьер-министр – Улукбек Марипов;
- бірінші вице-премьер-министр – Артем Новиков;
- экономика және қаржы министрі – вице-премьер-министр – Улукбек Карымшаков;
- үкімет аппаратының жетекшісі – министр – Жениш Асанкулов;
- қорғаныс министрі (президентпен келісе отырып) – Таалайбек Омуралиев;
- сыртқы істер министрі – Руслан Казакбаев;
- әділет министрі – Асель Чынбаева;
- денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі – Алымкадыр Бейшеналиев;
- білім және ғылым министрі – Алмазбек Бейшеналиев;
- мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі – Кайрат Иманалиев;
- төтенше жағдайлар министрі – Бообек Ажиев;
- ішкі істер министрі – Улан Ниязалиев;
- көлік, архитектура, құрылыс және коммуникация министрі – Гулмира Абдралиева;
- энергетика және өнеркәсіп министрі – Кубанычбек Турдубаев;
- ауыл, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрі – Аскарбек Джаныбеков;
- Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитет төрағасы (президентпен келісе отырып) – Камчыбек Ташиев.