Аса тартысты өткен матч қорытындысында кеншілер астанасының командасы овертаймда шығысқазақстандық хоккейшілерді 2:1 есебімен тізе бүктіріп, ел кубогы жүлдесін жеңіп алды.
«Сарыарқа» сапынан Вадим Зеленков пен Сергей Голоднюк бір-бір шайбадан соғып, команданың жеңісіне сүбелі қосты.
Қазіргі таңда «Сарыарқа» хоккей клубы Қазақстанның тұрақты чемпионатында үшінші сатыда тұр. Ұжымның қоржынында 36 ойыннан кейін 73 ұпайы бар. Ал қарағандылық хоккейшілерден кубоктың финалында есе жіберген «Торпедо» турнир кестесінде 90 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласының «Nomad» командасы тұр.