Әлем • 04 Ақпан, 2021

Amazon-ның бас директоры қызметінен кетпекші

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Amazon-ның бас директоры Джефф Безос директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Amazon-ның бас директоры қызметінен кетпекші

Әлемге танымал Amazon компаниясының 2020 жылдың соңғы үш айында 125,6 миллиард долларға жетіп, тоқсандық кірісі шамамен бір жарым есе өсті. Компанияның жылдық табыс көзі 21 миллиардтан асып жығылады.

Үшінші тоқсанда компанияның негізін қалаған Джефф Безос бас директор қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы болатынын жария етті. Сарапшылар маңызды шешімдерді Безостың өзі қабылдайтынын, сондықтан бұл қадам активтерге айтарлықтай әсер етпейді деген тоқтамға келіп отыр.

«Әрине, Amazon дүние жүзіндегі ең ірі және ықпалды компаниялардың бірі. Безос жаңа қызметінде Безостың корпорация өміріне белсенді түрде араласатыны түсінікті. Менің ойымша, ол ең маңызды шешімдер қабылдауға атсалысады, ал оның мұрагері Энди Джесси күнделікті істермен шұғылданып жүр», дейді Gartner сарапшысы Эд Андерсон.