Индербор кенті – Индер ауданының орталығы. Кенттің оңтүстік батыс бөлігіндегі Көктем шағын ауданында көп қабатты 20 тұрғын үй салынатыны жоспарланып отыр. Бұған қоса 4 әлеуметтік нысан салынады. Осы мақсатқа 35 гектар жер учаскесі бөлініпті.
«Жаңадан салынатын тұрғын үйлерде 1 292 пәтер болады. Қазір 5 қабатты 80 пәтерлік бір, 4 қабатты 48 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен қатар, инжнерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері жүргізілуде. Бұған қоса 5 қабатты 80 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысын жүргізетін мердігер мекеме анықталып, келісімшарт жасалды» дейді Мейірім Қалауи.
Әкімнің ақпаратына қарағанда, қазір ауданда 13 жобаның құрылысы қолға алыныпты. Оның ішінде «Көктем» қазақ орта мектебінің 80 орындық жапсаржайы мен инженерлік желісі, Индербор кентіндегі спорттық ойын алаңдары, Жарсуат ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 4 қабатты 48 пәтерлік 4 тұрғын үйге дейінгі су және кәріз желісі салынып жатыр.