21 Желтоқсан, 2013

Қанат Ислам нокаутпен жеңіске жетті

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01-КанатҚазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті рейтингілік жекпе-жегін Доминикан Респуб­­­ликасында жергілікті Базилио Сильвамен өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осымен ол кәсіпқойлар рингінде өткізген 16 шайқасының бәрін де ұтыспен аяқтап отыр. Соның ішіндегі 14 ұрысын нокаутпен тәмамдады.

01-Канат

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті рейтингілік жекпе-жегін Доминикан Респуб­­­ликасында жергілікті Базилио Сильвамен өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осымен ол кәсіпқойлар рингінде өткізген 16 шайқасының бәрін де ұтыспен аяқтап отыр. Соның ішіндегі 14 ұрысын нокаутпен тәмамдады.

Бұл жолы орта салмақта күш сынасып жүрген жерлесімізге тәжірибелі боксшымен оның өз үйінде кездесуге тура келді. Соған қарамастан, Қанат өзін рингте еркін сезінді. Соның арқасында ұрысты алтыншы раундта соңына жеткізді. Ол қарсыласын алғаш рет төртінші раундта бір рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін есін тез жинап алған доминикандық кездесуді жалғастырды. Бірақ алтыншы раундта тағы да бір рет еденге ұшып түскен оны бапкерлері қайтадан ұрысқа қоспауға шешім қабылдады.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар