Қазақстан • 04 Ақпан, 2021

Алексей Цой қаза тапқан жедел жәрдем қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында қаза тапқан жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлерінің отбасыларына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алексей Цой қаза тапқан жедел жәрдем қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты

«Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан және жеке өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында қаза тапқан жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлерінің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының және жеке өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында көлік апатынан қаза тапқан Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлердің отбасына қайғыра көңіл айтамын.

Бұл трагедия дәрігер болудың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Ауа-райының қолайсыздығына, жұмыстың ауырлығына, шаршағанына қарамастан, дәрігерлер өз кәсібін қашан да адал атқарады.

Өкінішке қарай, науқас өмірін құтқаруға шыққан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельдшері - Болат Қапсаметұлы Әзілханов пен Бейбіт Төлеуғазыұлы Ғабдуллин көз жұмды.
Қайғылы оқиға медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жайлы тағы бір ойлануға түрткі болып отыр.

Қазір Семей қаласындағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тілейміз», деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.