21 Желтоқсан, 2013

Облысқа жаңа әкім тағайындалды

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше облыс активінің жиналысы болып, онда Президент Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов Елбасының Жарлығымен тағайындалған облыстың жаңа басшысы Қанат Бозымбаевты таныс­тырды. Бұған дейін облысты басқарған Ерлан Арын өз өтінішімен қызметінен босатылды.

Актив жиналысында сөз алған Қанат Бозымбаев екінші облысты басқаруға сенім білдірген Елбасына рахметін айтып, талап пен сенім үдесінен шығуға ұмтылатынын жеткізді. Қ.Бозымбаев 1998-2001 жылдары еліміздің Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, вице-министр, 2001-2007 жылдары «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ президенті, 2008 жылы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қа­зақстандық холдингі» АҚ бас­қар­ма­сының төрағасы қызметтерін атқарды.

Жалпы, Қ.Бозымбаевқа Павлодар облысы, Екібастұз, энергетика саласы жақсы таныс. 2009 жылы «KEGOG» АҚ басқармасының төрағасы болып тұрған кезінде Елбасының қатысуымен Екібастұздан басталатын «Солтүстік жүйеаралық электр желілерін» еліміздің Оңтүстік транзитінің электр тасымалдау жүйелеріне қосатын алғашқы жобаны іске асырған болатын. Енді, солтүстіктегі индустриялы өндірісті өңірді басқаруды қолға алған Қ.Бозымбаевқа сәттілік, табыс тілейміз.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Соңғы жаңалықтар