Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстанның үстінен шағым түсіріп, темір шикізаты жеткізілмей қалғанында «Қазақтар Одақ шарттарын орындамай жатыр» деп бірден Қазақстанның үстінен ЕАЭО-ға шағымданды. Ал сарапшылар болса ресейлік компаниялар «Шикізат тасымалын азайту арқылы Қазақстан дайын өнім экспортын өсіреді» деп қауіптенетінін, нарықта оларға бәсекелес керек емес екенін ескертіп келген болатын.
Өткен жылдар ішінде Қазақстан Ресейге жылына 1 млн тонна руданы тұрақты түрде беріп отырған. Бірақ 2020 жылы жағдай өзгерді – бар болғаны 300 мың тонна ғана сатыппыз. Бірақ қара металл тасымалы тоқтағанымен, дайын болат өнімдері қаз-қалпында жеткізіле беріпті. Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі болса, тасымалға тыйым салынбағанын айтады. Тек көлікпен ғана тасуға болмайды екен.
– Қара және түсті металл қалдықтарының экспортына қатысты өзге тыйымдар жоқ. Металлургия – Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі. Ел экономикасына қатты кері әсер еткен короновирусқа байланысты пайда болған жағдайды есепке ала отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдап, олардың іркілістерін азайту – маңызды шара», - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми өкілі Мадияр Уақпаев.
Үкімет бірінші орынға отандық кәсіпорындарды қойып отырғаны белгілі. Себебі ішкі қажеттілікті қанағаттандырмай, сыртқа руда тасу қисынсыз. ЕЭК мүшелерінің төрт көзі түгел отырғанда осы мәселені күн тәртібіне шығарып, жауап алып қалуға тырыстық.
ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Гегам Варданян нақ осы мәселеге келгенде жоққа шығаратын ештеңе жоқ деп жауап берді. Г: Варданян бұл мәселе 2018 жылдан бері талқыланып келе жатқанын, темір сынықтарын көлікпен емес, темір жол тасымалы арқылы тасымалдансын деген бұйрық шыққан соң мәселенің жаңа сипатқа ие болғанын айтты. Бұл, министрдің байламы бойынша шешімі ұзақ уақытты алатын күрделі проблемалардың бірі екен.
– Көмір транзиті туралы әңгіме болған кезде, бұл мәселе, оның ішінде мүдделі тараптардың сұранысы бойынша, бірнеше рет кейінге шегерілді. Келіссөздер жүріп жатты, мәселе екіжақты деңгейде талқыланды. Басымдықтар жоқ, тек сұрақтар әр түрлі және әр түрлі күрделілікке ие. Сондықтан бұл мәселені әлі де болса зертету керек. Сонымен қатар, елдердің өзі консультациялар өткізуді жиі сұрайды, бұл уақытты алады », - деп жауап берді Басқарма мүшесі.
Ол сондай-ақ тиімділік үшін түзетулер мен уақыт шектеулері енгізілгені туралы ескертіп өтті.
– Мен жақында біз жаңа жұмыс әдістемесін жүзеге асырғанымызды атап өткім келеді. Бізге 70 күн ішінде келіп түсетін сұрақтар кеңестің қарауына ұсынылуы керек. Жұмыс барысы кезінде ешқандай алалаушылық, проблемаларды жоққа шығарушылық та болмайды болмайды. Сондай-ақ ешқандай алалаушылық болмайды, сәйкесінше жоққа шығаратын ештеңе де жоқ, деп түйіндеді министр.