Әдебиет • 05 Ақпан, 2021

Сіз білесіз бе?..

274 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Чарльз Диккенс

«Жанып тұрған шамның жанында әрдайым шыбын-шіркейлер үйіріліп жүреді, бірақ бұған шам кінәлі ме?»

Сіз білесіз бе?..

 

* * *

Диккенс гипнозға қызы­ғатын, яғни сол кездегідей айт­сақ, мес­меризмді ұнататын.

* * *

Оның сүйікті ісінің бірі – Па­риж­дегі мәйітхананы аралау болды.

* * *

Чарльз Диккенс әрдайым ба­сын солтүстікке қаратып ұйық­­­тапты. Сондай-ақ шығарма жаз­­ғанда да солтүстікке қарап отыр­ған.

 

Оскар Уайльд

«Мен мәнсіз бірдеңелер айт­қан­ды жақсы көремін – өйт­кені соны ғана жақсы мең­гергенмін».

* * *

Оскар Уайльд Диккенстің шы­ғармаларын менсінбепті һәм кез келген себеппен оны ма­зақ етуге дайын тұрыпты. Жал­пы, Чарльз Диккенстің заманауи сын­шылары оның ешқашан бри­тандық үздік жазушылар тізіміне кірмейтініне анық сеніпті деседі.

* * *

Ол 1878 жылы Оксфордты қы­зыл дипломмен бітірген.

* * *

Уайльд өте ерекше және экстравагант адам болыпты. Екі жыл түрмеде отырған. Оскарды содомия үшін айыптаған.

* * *

Өмірінің соңында Уайльд бір себептермен атын Себастьян Мел­ьмот деп өзгертеді.

 

Эрнест Хемингуэй

«Шынында да батыл адам­дарға дуэльде тартысудың қа­жеті жоқ, бірақ көптеген қор­қақтар мұны үнемі өз ерлік­теріне сен­діру үшін жасайды».

* * *

Хемингуэйді көбінесе тек мас­­күнем және өз-өзіне қол сал­­­ған адам ретінде танимыз. Алай­­да, бұл жазушының бар ақи­­қаты емес. Ол сондай-ақ пей­ра­фо­­биямен (көпшілік алдында сөй­леу қорқынышы) ауыр­ды. Һәм жазушы ешқашан өзі­нің шы­найы оқырмандары мен жан­­күйерлерінің мақтауына сен­­беп­ті. Тіпті өз достарына да сен­беген.

* * *

Оны кейде жолы болғыш адам ба деп ойлайсың: неге десе­ңіз, Хемингуэй бес соғыстан, төрт жол апатынан және екі әуе апатынан аман қалған.

* * *

Хемингуэй өзінің соңынан ФБР бақылап жүргенін біліпті. Бірақ айналасындағылар бұ­ған иланбапты. Кейін ашық құ­жат­тардан мұның паранойя емес екені, автор шынымен де қада­ғалауда болғаны анықталады.

 

Льюис Кэрролл

«Біздің әлемдегі барлық адам­­­дардың есі ауысқан».

* * *

Жеке күнделіктерінде Кэр­ролл белгісіз бір күнәға үнемі өкінеді. Алайда бұл парақтарды жа­зушының отбасы имиджіне нұқ­сан келтірмеу үшін әдейі жойып жіберген. Кейбір зерт­теу­шілер, Кэрролл іздеуде жүрген Джек Риппер (сериялы кісі өл­тіруші) болған деп есептейді.

* * *

Ол батпақты безгектен, цис­титтен, люмбагодан, экзема­дан, фурункулездан, артриттен, плев­риттен, ревматизмнен, ұйқы­сыз­дық­тан, т.б. аурулардан зардап шек­кен. Сондай-ақ оның басы үне­мі қатты ауыратын.

* * *

Кэрролл үш дөңгелекті вело­сипедті, атаулар мен даталар­ды есте сақтауға арналған мнеми­ка­лық жүйені және электр қаламды ойлап тапқан.

 

Франц Кафка

«Өтірік айтуға сылтау аз бол­­ғанда емес, өтірік аз айтқан уақыт­та өтірік аз айтылады».

* * *

Ол кеңсе қызметкері болып жұмыс істеді. Заманауи идея­ларға сәйкес, автор әдеттегі жұмы­сына берілген һәм жолы бол­маған кеңсе планктонына айналған.

* * *

Франц Кафканың атасы – кошер қасапшы еді. Ал өзі вегетариан болды.

* * *

Өзінің бар өмірінде автор көп­шіліктің назарына ілінбеген бір­неше әңгімесін ғана жариялай алды. Ол өлер алдында шартты түр­де өсиетін алған Макс Бродқа өзі­нің барлық қол­жазбаларын жою­ды өсиет етті. Бірақ Макс Брод бұл өсиетті орындамады. Франц Каф­ка осылайша әлемге әйгілі жа­зу­шыға айналды. Өлгеннен кейін.

* * *

Қазіргі уақытта Кафка – Пра­га­­дағы басты талисмандардың бірі.

 

Антон Чехов

«Бір-бірімізді алғашқы әсер немесе екі-үш белгі бойынша ба­ғалай алмаймыз, себебі біздің әрқайсымызда бұрандалар, дөң­­гелектер мен клапандар өте көп».

* * *

Ол пошта маркаларынан­ ­коллекция жинаған.

* * *

Антон Чехов композитор Чай­­ковскиймен дос болған, тіп­­ті оған «Түнерген адамдар» («Хмурые люди») әңгімелер жи­нағын арнаған.

* * *

Әдебиеттен артта қалғаны үшін 3-сыныпта екінші жыл­ға қалдырылды.

* * *

Чехов әрқашан жазу үстелі­не салтанатты костюм киіп ­отыратын.

 

Артур Конан Дойл

«Өте айқын фактілерден ар­­тық ештеңе алдамшы емес».

* * *

Шерлок Холмсты ойлап тап­қан Артур Конан Дойл оккультист болып, кішкентай қанатты перілердің бар екеніне сенді.

* * *

Ол өзінің Шерлок Холмс ту­ралы әңгімелерінде сот сарап­тамасының полицияға әлі бел­гісіз болған көптеген әдісін сипат­тады. Оның ішінде те­мекі тұ­қы­лын және темекі кү­лін жи­­нау, жазба машинкала­рын сәй­кестендіру, оқиға орнын­да­ғы іздерді ұлғайтқыш әйнек­пен қа­рау. Кейіннен полиция Холмс­тың осы және басқа әдіс­ін кең қолдана бастады.

* * *

Артур Конан Дойл бір кездері Шерлок Холмсты «бірде-бір жа­ғымды қасиеті жоқ нашақор» деп атаған Бернард Шоумен өте қиын қарым-қатынаста болды.

* * *

Артурдың құлпытасында же­сір әйелдің өтініші бойынша ры­­царлық ұран ойып жазылған: Steel True, Blade Straight («Болат­тай адал, пышақтың жүзі тә­різді»).