21 Желтоқсан, 2013

Консультациялық кеңес өтті

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Астанада Кедендік Одақ және Бірыңғай Экономикалық Кеңістік аясындағы елдердің Орталық банктері басшыларының осы қаржы ұйымдарының валюталық саясаты бойынша алтыншы Консультациялық кеңесі өтті. Оған еліміз Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов, Ресей Федерациясы Орталық банкі төрайымы Э.Набиуллина және Беларусь Орталық банкі төрайымы Н.Ермакова қатысты.

Басқосуда осы елдердің қаржы нарықтарын реттеу бойынша ұлтүстілік органның құрылуы және Кедендік Одақ пен БЭК құқықтық-келісім базасы бойынша мәселелерді үйлестіру жайлары талқыланды.

«Отырыста біз бір-бірімізді ішкі бағамдық, валюталық және қаржылық-несиелік саясаттағы өзгерістер жайында хабардар еттік. Жалпы, елдердегі экономикалық өсімдердің мүмкіндіктері жөнінде және инфляция бойынша ақпарат алмастық. Сондай-ақ, резервтер жағдайын да қарастырдық. Биылғы Ұлттық банктің жиынтық резерві Ұлттық қордың қаржысымен бірге 93 млрд. АҚШ долларынан асса, жуық арада бұл көрсеткіш 100 млрд. АҚШ долларына жетпек», – деді жиыннан кейін журналистерге сұхбат берген Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов. Сонымен қатар, ол биыл еліміздің экономикалық өсімі 6 пайызға жетіп, ал инфляция көрсеткіші 5 пайыз мөлшерінде қалыптасатындығын да айта кетті.

Консультациялық Кеңестің жетінші жиыны келер жылдың алғашқы тоқсанында Ресей Федерациясында өткізіледі деп күтілуде.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар