Жақында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Малайзияда болып қайтты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Жақында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Малайзияда болып қайтты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Сапар шеңберінде Малайзия Ішкі істер министрінің орынбасары Дато Ван Жафармен, Премьер-министрдің кеңесшісі Шахризат Абдул Жалилмен, Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кеңестің директоры Дато Жуддин Абдул Кариммен, Сыртқы сауданы дамыту жөніндегі мемлекеттік корпорацияның директоры Дато Вонг Лай Саммен, сондай-ақ, Сыртқы істер, Индустрия және халықаралық сауда министрліктерінің өкілдерімен және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік кәсіпорындары басшыларымен кездесулер өтті.
Кездесу барысында екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, туризмді дамыту салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалары, ЭКСПО-2017 аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жетекші технологияларды пайдалану мәселелері талқыланды.
Қазақстандық делегация сапарындағы маңызды бағдарламаның бірі ұлттық қауіпсіздік саласында шекаралық және көші-қон үдерістеріне бақылау жүргізетін жүйе шығаратын жетекші Малайзия компаниясы басшылығымен келіссөздер болды. Атап айтқанда, аталған жүйе мемлекеттік шекара арқылы өткен кезде төлқұжаттық бақылауды тексеру уақытын айтарлықтай қысқартуға, шетелдік азаматтардың келуіне мониторинг жүргізуді күшейтуге және электронды визалар енгізу жолымен визалық процедураларды оңтайландыруға, т.б. мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындылары бойынша, Қазақстан тарапы Малайзияның бұл саладағы тәжірибесін үйренуге қызығушылық танытып, аталған жүйені Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі пайдасына қолдану мүмкіндігін қарастыратынын білдірді.