Білім • 05 Ақпан, 2021

Мемлекет басшысы оқушылар мен студенттер үшін жоба жасауды ұсынды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ аясында жаңа технологиялар және жасанды интеллект саласында оқушылар мен студенттер үшін жоба жасауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы оқушылар мен студенттер үшін жоба жасауды ұсынды

Мемлекет басшысы «Digital Almaty 2021» форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасаған еді.

«Жаңа технологиялар мен жасанды интелект саласында оқушылар мен студенттер үшін мемлекетаралық білім беру бастамаларын жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Қазақстан Одаққа төрағалығының басымдығы ретінде жаппай цифрландыру мен мәліметтер алмасуды жолға қоюды айқындап отыр. Біз аталған күнтәртіпті белсенді ілгерілетуге ниеттіміз және барлық қатысушы елдердің өнімді ынтымақтастығына үміт артамыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.