Әлем • 05 Ақпан, 2021

Иран ресейлік «Sputnik V» вакцинасының алғашқы партиясын алды

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 ақпаннан бастап Ұлыбритания әлемнің 30-дан астам елінен келгендердің барлығын арнайы «карантиндік қонақүйлерде» 10 күндік карантиннен өтуге міндеттейді. Осы ереже қолданылатын тізімге Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Африка мемлекеттері, Португалия және Біріккен Араб Әмірліктері кірген.

Иран ресейлік «Sputnik V» вакцинасының алғашқы партиясын алды

Германия канцлері Ангела Меркель «қатаң шешімдер» қабылдауы керек екенін ескертіп, оның пандемияға қарсы саясатын түсінуге шақырды. Мергел әлі ештеңе айта алмайтынын, өйткені жағдайдың қалай дамитынын әліде бақылау керек екендігін айтты, әсіресе бастапқыда Ұлыбританияда анықталған коронавирустық мутацияның таралуы басты назар екендігін жеткізді. Германияда локдаун 14 ақпанға дейін енгізілген.

Иран ресейлік «Sputnik V» вакцинасының 500 000 дозадан тұратын алғашқы партиясын алды. Келесі бөлігі алдағы апталарда жеткізілетін болады. Ел билігі вакцинациялауды ақпанның аяғында немесе наурыздың басында бастауды жоспарлап отыр.

Әзірбайжан мен бірқатар Орталық Азия елдерінде COVID-19 қарсы ресейлік «Sputnik V» вакцинасының Оксфорд университетімен AstraZeneca швед-британ концернінің препаратымен үйлесе егілуі жайында зерттеулер жүргізілетін болады. Ресей тарапы, еріктілер қатысатын зерттеулер келесі аптада басталмақ, алғашқы нәтижелер наурыз айында күтілетінін жеткізді.

Швеция егілген вакциналар туралы мәліметтер жазылатын электронды құжатты 1 маусымға дейін ел аумағында енгізуді жоспарлап отыр. Билік вакцинацияның электрондық сертификаттары болашақта белгілі бір елдерге кіру немесе іс-шараларға қатысу үшін қажет болуы мүмкін екенін атап өтуде. Швеция бұл тақырыпқа Еуропалық Одақ деңгейінде бірыңғай көзқарас болуын қолдайды.