Қазақстан • 05 Ақпан, 2021

Есеп комитеті былтырғы жылдың жұмысын қорытындылады

1174 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

20121 жылдың 4 ақпанында бейнеконференцбайланыс режимінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, онда оның 2020 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, 2021 жылға арналған міндеттері айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есеп комитеті былтырғы жылдың жұмысын қорытындылады

Іс-шараға Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.М. Сүлейменов, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары П.О. Казанцев, Парламент Мәжілісінің бейінді комитетінің төрағасы, Қаржы министрлігінің, стратегиялық жоспарлау және реформалар, қаржылық мониторинг агенттіктерінің басшылары, өңірлік тексеру комиссияларының төрағалары қатысты.

slider

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова өз сөзінде Есеп комитетінің аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметі есепті кезеңде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға шоғырланғанын атап өтті. СOVID-19 пандемиясы жағдайында экономиканы қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы қаражат, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор активтерінің басқарылу тиімділігі тұрақты және жіті бақылауға алынып, мониторинг жасалып отырды.

slider

Төтенше жағдай режимі мен қатаң карантиндік шектеулерге қарамастан, Есеп комитеті 117 объектіде 18 аудиторлық іс-шара өткізді. Аудитпен 47 триллионнан астам теңге қамтылды, бұл 2019 жылға қарағанда 38%-ке артық және 2018 жылдың ұқсас көрсеткішінен 9 есе жоғары.

slider

Наталья Годунова анықталған бұзушылықтардың едәуір сомасы 1,8 трлн. теңге - бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға тиесілі екеніне назар аударды. Ал қаржылық бұзушылықтардың көлемі қысқаруда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша - 81 млрд.теңге.

slider

Есепті кезеңде іс жүзінде шамамен 16 млрд. теңге қалпына келтірілді (өтелді). Үкіметке, мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 364 ұсыным мен тапсырма жолданды. Олардың 88%-і орындалды, қалғандары бойынша іске асыру мерзімдері әлі келген жоқ.

slider

Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 97 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа, 44 лауазымды (жеке) тұлға және 11 заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 31 материал қылмыстық-жазалау әрекеті белгілерімен құқық қорғау органдарына жолданды.

slider

Отырыста сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша тексеру комиссиялары төрағаларының 2020 жылғы есептері тыңдалды.

slider

Жалпы, отырыста Есеп комитеті мен тексеру комиссияларының аудиторлық қызметінің түйінді көрсеткіштерінің оң өсу үрдісі атап өтілді. Аталған тексеру комиссияларының төрағалары мемлекеттік аудит органы ретінде олардың рөлін күшейту, сондай-ақ кадр әлеуетін нығайту, жергілікті билік органдарына деген  тәуелсіздік қағидатын (қаржылық, ұйымдастыру және т.б.) сақтау бойынша шара қабылдау жөнінде ұсыныстар айтты.

slider

2021 жылға арналған басым міндеттерді талқылау барысында Есеп комитеті кеңейтілген отырысқа қатысушыларды 2021-2025 жылдарға арналған даму стратегиясының жобасымен таныстырды. Құжат ИНТОСАИ IDI (SAI PMF) жобасы шеңберінде халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленді. Даму стратегиясы алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары аудит органдарының үздік практикаларына негізделген.

slider

Жобада Есеп комитеті таяудағы бес жылға негіз қалаушы құндылықтар ретінде өз қызметінің тәуелсіздігін, есептілігі мен транспаренттілігін қамтамасыз етуді айқындағаны атап өтілді.

slider

Сонымен қатар, Қазақстанның жоғары аудит органы қоғамға, Мемлекет басшысына және Парламентке есеп беретін ұлттық ресурстарды басқарудағы анағұрлым тиімді менеджер ретінде ел Үкіметінің қалыптасуына жәрдемдесетін болады. 

slider

Қазақстанның Жоғары аудит органының алдында тұрған 2021 жылға арналған негізгі міндеттерінің бірі – Мемлекет басшысының еліміздің табысты дамуында әлеуметтік-экономикалық маңызы бар аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының кешенін жүргізу жөніндегі тапсырмаларын одан әрі орындау.

slider

Іс-шара қорытындысы бойынша Есеп комитетінің аппаратына тиісті тапсырмалар және өңірлік тексеру комиссияларына ұсынымдар берілді.

slider
slider
slider
slider
slider
slider
slider
slider