Мәселен жақында облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының алғашқы әскери және технологиялық дайындық басқармасы «Әскери робототехника» және «Қару-жарақтың, әскери техниканың үлгілері» аталатын сайыс өткізді. Оған өңірдегі білім беру мекемелерінің әскери-патриоттық клубтары мен «Жас сарбаз» сыныптарынан 32 тәрбиеленуші қатысты.
«Байқау қатысушылары робототехника, 3D модельдеу және схемотехника курстарын қашықтан оқып жүр. Олардың арасында болашақта еліміздің қорғаныс өнеркәсібіне үлес қосатындар бар екеніне сенімдімін», - дейді «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысыоблыстық филиалының жетекшісі Нұрлан Елеуов.
Сайыс қорытындысында С.Мұқашев Атырау политехникалық жоғары колледжінің студенттері Темірлан Нұптоллаев пен Еламан Жанатбек «Робототехника» номинациясында үздік деп танылды. Олар «M-939» жүк тасымалдау жабдықтарының моделін құрастырды.
Ал «Қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілері» аталымында Жылыой ауданындағы «Жас техниктер»станциясының тәрбиеленушісі Жұмаш Дастан үздік атанды.