Әлем • 07 Ақпан, 2021

Әлішер Науаи туралы тарихи деректі фильм түсіріліп жатыр

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұхара қаласында Өзбеккино Ұлттық агенттігінің тапсырысы бойынша «Әлішер Науаи» туралы тарихи деректі фильмнің түсірілімі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Әлішер Науаи туралы тарихи деректі фильм түсіріліп жатыр

«Шығыстың шоқжұлдызына арналған деректі фильмнің сценарийін Фуркат Усманов жазған және ол Әлішер Науаи тұлғасына деген жаңа көзқарасқа негізделген. Шығармашылық топ суретке алу барысында тарихи-көркемдік қайта құру, компьютерлік графика және Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің, науаитанушылардың сұхбаттары арқау болады. Ұлы ақынның өмірі туралы тарихи деректі фильмнің түсірілімі Бұхара, Самарқанд, Ташкент облыстары мен Ташкент қаласында өтеді», - делінген «ӨзА» ақпараттық агенттігі таратқан ақпаратта.