21 Желтоқсан, 2013

Алматыда жылу құбырына күйгендердің жағдайы ауыр

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 12 -AlmatiКеше Алматы қаласының орталығындағы жылу құбыры тесілген болатын. Оның жанында кетіп бара жатқан адамдар ыстық суға күйіп, ауруханаға түскен еді. Соның бүгін екеуінің халі өте мүшкіл. Бұл туралы «КТК» телеарнасы хабарлады.

Бұл құбыр былтыр да тесіліп, коммуналдық саланы қыруар шығынға батырған екен. Жалпы, осы шаһарда жыл басынан бері жылу жүйесінен 1976 ақау анықталған. «Алматының өзінде қолдану мерзімі өтіп кеткен жылу құбырларының ұзындығы -700 шақырым. Біз жылына тек 20 шақырымын жаңалай аламыз. Әбден тозған құбырларды бір мезетте ауыстырып тастауға қауқарымыз жоқ. Сондықтан апаттар да жиілеп кетті»-дейді «Алматы жылу жүйесі» ЖШС бас директоры Дәурен Әлімбеков.

Бүгін, бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз мәслихатын өткізген коммуналдық саланың жауапты тұлғалары жылудан ажыратылып қалған барлық ғимараттарға жылу берілді деп сендірді. Сондай-ақ олар Алматы қаласындағы жылу құбырларының 8 пайызға жуығының қолдану мерзімі өтіп кеткенін және 60 пайызының мүлде іске жарамсыз екенін айтты. Қазір жергілікті билік кешегі тесілген жылу құбырынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселесін шешуді ойластыруда.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «КТК» телеарнасы

Фото: « 1 арна».

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40