«Іnfobus» – жеке компанияның иелігіндегі ақылы мобильді қосымша. Жеке компания жолаушылар үшін тегін қызмет көрсетуден бас тартты. Сол себептен, Smart Qala электрондық билеттеу операторымен бірлескен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, «Аvtobys» қосымшасына Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын автобустардың GPS мониторингі енгізілді» деп мәлім етті «Смарт Атырау» мекемесінің басшлары.
Қазір Атырауда жолаушы тасымалдайтын көліктер метанмен жүретін автобустармен алмастырылды. Бірақ жаңа автобустарға әзірге GPS жабдығы орнатылған жоқ.