Қоғам • 08 Ақпан, 2021

Қазақстан әлеуметтік желілердегі сауданы реттеуге кірісті

108 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сарапшылардың пікірінше, қолданыста жүрген заң талаптары сақтала бермейтін көлеңкелі сегменттердің бірі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов  әлеуметтік желілердегі сауданы 2021 жылдан бастап ресімдеуге кірісетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан әлеуметтік желілердегі сауданы реттеуге кірісті

Ұлттық палата 2021 жылға арналған электрондық сауданың негізгі бағыттарын, оның ішінде «әлеуметтік желілердегі сауданы рәсімдеу және оны көлеңкеден шығару» бағыттарын анықтады.

«Бүгінде әлеуметтік желілер арқылы сатылатын тауарлар көлемі туралы мәліметтер жоқ. Бұл нарық заң талаптары сақталмаған «сұр аймақ». Регулятивтік ауыртпалықтан босатылған бейресми сектордың шағын субъектілері негізсіз бәсекелік артықшылықтарға ие болады», деді Нариман Әбілшайықов Сауда және интеграция министрлігінің отырысында.

Оның айтуынша, заманауи цифрлық платформаларды қолдана отырып, Еркін табыс табу экономикасын дамытудың жол картасы әлеуметтік желілердегі сауданы рәсімдеуге арналған іс-шараны қарастырады.

«Шағын және орта бизнесті өз қызметін ресімдеуді ынталандырудың тиімді әдістерінің бірі электронды коммерция субъектілерін жеңілдетілген қаржыландыру болып табылады, ол сондай-ақ көрсетілген доркартқа енгізілген», деп қосты ол.

Сонымен қатар тұтынушылардың электронды саудадағы құқықтарын қорғаудың нормативтік-құқықтық шаралары әзірленетін болады. Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, бүгінгі күні тауарларды қайтару, көрсетілетін қызметтердің сапасы, тұтынушылардың дауларын шешумен байланысты проблемалар әлі де бар. Сондай-ақ, қазақстандық электрондық коммерция операторларын қолдау үшін отандық және шетелдік интернет-дүкендер арасындағы бюджеттік теңдікті қамтамасыз ету мәселесі қарастырылатын болады.

«Салық төлемдерінің төленбеуіне байланысты шетелдік сатушылар ішкі сауда алаңдарына қарағанда бағалық артықшылыққа ие, бұл соңғыларын бәсекеге қабілетсіз жағдайға қалдырады. Біз бұл мәселені Салық кодексіне келесі өзгерістер мен толықтырулар аясында әзірлеуді ұсынамыз», деп түсіндірді Нариман Әбілшайықов.

Ол 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасында электрондық сауданы дамытуға бағытталған бірқатар шара қарастырылғанын қосты.

«Бұл сауданың дамуын бақылау мен талдаудың бірыңғай ақпараттық-талдамалық жүйесін құру, статистикалық есепті жетілдіру, электрондық коммерция нарығының аналитикалық және маркетингтік зерттеулерін жүргізу, электронды платформаларды кеңейту, фулфилмент желісін орталықтандыру», деп қосып өтті.

Бұл бағыттардағы жұмыстарды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сауда және интеграция министрлігімен бірге жүргізетін болады.