Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

Елорда әкімі 10 ақпан күні есеп беру кездесуін өткізеді

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 10 ақпан күні сағат 10.00-де есеп беру кездесуін өткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Елорда әкімі 10 ақпан күні есеп беру кездесуін өткізеді

Коронавирус пандемиясына байланысты кездесу онлайн-форматта өтеді. Тікелей эфир қала әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ, «Астана» телеарнасында және Tengrinews порталында көрсетілетін болады.
 
Есепті кездесуге қатысып, әкімге сұрақ қойғысы келетіндер https://nur-sultan-online.kz сайтындағы тіркеу сілтемесі бойынша өтіп, ары қарайғы нұсқаулықтарды орындауы қажет.