23 Желтоқсан, 2013

Астанада шенеунік пара алды деген күдікпен ұсталды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 12-denegАуыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

«Ағымдағы жылғы 21 желтоқсанда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіске жетуге көмектескені үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Өмірияевті ұстады»,-деп жазылған Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы күні оған қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Қылмыстық іс тергелуде, Өмірияевке қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды»,-деп хабарлады ведомстводан.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Қазақстан жаңалықтары»

Фото: Sled. net. ua

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22