Геологиялық барлауға арналған инвестицияларды ынталандыру үдерісін қарқындатпаса, таяу 10-12 жылда елімізде алтын өндірісіне қажетті шикізат қалмауы мүмкін. Бұл туралы Бағалы металл өндірушілердің республикалық қауымдастығының өкілдері айтты.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының ақпаратына сәйкес, жоғарыдағы мәселені ескеріп, Қазақстанның бағалы металл өндірушілері геологиялық барлау мен алтын өндіруді мемлекеттік тұрғыда дамытуға арналған салық шараларының тұжырымдамасын ұсынды. Қауымдастықтың атқарушы директоры Ғани Сағиевтің айтуынша, арнайы зерттеу арқылы алтын өндірісі мен оны өңдеу ісінің отандық экономикаға және әлеуметтік дамуға тигізген оң әсері бағаланды. Статистика көрсеткендей, алтын өндіру өнеркәсібі өндірістік циклдің әр кезеңінде қосылған экономикалық құнды қалыптастыру арқылы ұлттық экономиканың дамуына тікелей әсер етіп келеді. Айталық, қауымдастықтың есептеуі бойынша 2019 жылы өнім шығарудағы тікелей үлес 1,5 млрд теңгеге жетті. Еліміздің ІЖӨ-де былтыр оның көлемі 618 млрд теңге мөлшерінде байқалып, 2019 жылдың қорытындысына сәйкес, тікелей салық салымы 133 млрд теңгені құрады.
«Қазақстанның ішкі нарығында алтынға сұраныс жоғары емес. Үндістан және Қытай сынды мемлекеттерден басты айырмашылығымыз, елімізде алтынның тұтыну көлемі мардымсыз. Тұтастай алғанда, бізде бұл бағалы металл зергерлік бұйымдарды дайындауға көп пайдаланылады. Десек те Қазақстанның алтынға деген әлемдік инвестициялық сұранысты қанағаттандыруға қауқары жеткілікті. Алтын өндірісінің қымбаттағанына қарамастан бұл металл құндылығын жоғалтқан жоқ, сондай-ақ жоғары сұраныс сақталып отыр. Алтын өндірісі және оны өңдеу ісі әлі де пайдалы сала болып қалатыны даусыз», деді Ғ.Сағиев.
Оның сөзіне сүйенсек, егер де геологиялық барлауға инвестицияларды ынталандыру үдерісін қазір бастамаса, 10-12 жылдан кейін елімізде алтын өндірісіне қажетті шикізат қалмауы мүмкін.
Бүгінде геологиялық барлауға инвестициялардың жеткілікті деңгейде тартылмай келе жатқаны байқалады. Аталған бағытқа инвесторлардың іскерлік қызығушылығы төмен. Атап айтқанда, юниорлық (шағын) компаниялардың барлауға қаржы жұмсауға ынтасы жоқ. Өйткені қолданыстағы реттеушілік және салықтық режімдер саланың әлеуетін толыққанды іске асыруға мүмкіндік бермейді.
«Юниорлар (шағын компаниялар) нарығын дамыту үшін қолайлы ортаны қалыптастырып, ашылып жатқан мүмкіндіктерді пайдаланып үлгеруіміз қажет деп санаймыз», деген қауымдастықтың өкілі алтын өндірісін ынталандырудың фискалды шараларын ұсынды.
Мәселен, аталған тұжырымдамада егер де белгілі бір аумақтың рентабельділігі төмен немесе шығынды екені анықталса, сол секілді басқа келісімшарттар шеңберінде алынған кірістерге қарсы өндіру қолданылмайтын, геологиялық барлау шығыстарын шегеруге мүмкіндік беретін ережелерді енгізу ұсынылды. Сонымен қоса геологиялық барлау шығындарын кейінге шегеруге және мұндай шығыстарға талап қою мерзімінің қолданылмауын көздейтін баптар Салық кодексінде қарастырылса артық болмайды деді бағалы металл өндірушілері. Бұдан бөлек Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша шығыстарды нақты орын алған кезеңде шегертіп, Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар негізінде туындаған шығыстардың нәтижесінде пайда болатын шығындарға байланысты талап қою мерзімінің күшін жою ұсынылды. Сондай-ақ геологиялық барлау кезеңінде салық төлеушілерге салықтық демалыстар беретін, сол секілді салық төлеушілерге қосымша шығыстарды шегерімдерге, яғни саланы ынталандыру үшін үстеме шығыстарды шегерімге жатқызуға мүмкіндік беретін тетікті енгізу ұсынысы айтылды.
Мүдделі тараптың айтуынша, ұсынылған фискалды бастамалар экономикаға айтарлықтай мультипликативті әсер беруі мүмкін. Нақты айтқанда, аустралиялық әдіс негізінде есептесек, тауар өнімін шығарудағы тікелей әсері 139 млрд теңгені құраса, канадалық әдіс бойынша бұл сома 626 млрд теңгеге көп. Тиісінше 1775 және 8015 жұмыс орны ашылады. Халықтың табысы айтарлықтай өсіп, салық түсімдері артады деген сенімде салалық қауымдастық.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар