Нұр-Сұлтан қаласындағы гүл сататын дүкеннің алдында жиналған қарақұрым халық бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде шу болып жатыр. Жайшылық күндері жұртшылықтың бір жерде осынша көп жиналуы − шынымен де сирек құбылыс. Күннің суығына, вирустың өршіп тұрғанына қарамастан, елді ала таңнан тұрғызып, кішкентай бір дүкеннің алдында алып келген не дейсіз ғой? Сөйтсек, мұнда ұтыс ойнатылатын көрінеді, жұртшылықтың көксегені – ұтыстан тегін көлік ұтып қалармыз деген дәме екен.

Біздің қоғамда тегін дүниені қарпып қалу, Үкіметке иек арту, біреудің есебінен өмір сүру, жанды қинамай, жеңіл жолмен ақша табуға ұмтылу психологиясы басым. Азаматтардың бойында пайда болған мұндай мінез-құлықты бір кездері өтпелі кезеңнің қиындықтарына баладық.
Расымен еліміз алғашқы жылдары әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тап болған тұста көп адам нәпақасынан айырылып, абдырап қалды. Жұртшылық қайтсем ақша тауып, күнімді көремін деген күрделі жағдайды бастан кешірді. Ал қазір заман басқа. Ел азаматтары нарық заңдылықтарына бейімделіп, өз күнін өзі көретіндей деңгейге жетті. Бірақ сана-сезіміміз әлі күнге жаңарған жоқ. Тегін дүние үшін жанталаса ұмтылу патерналистік пиғылдан әлі күнге арыла алмай жатқанымызды көрсетсе керек.
Жалпы әлемде әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар енгізіп, халқын қолдап отырған санаулы-ақ ел бар. Соның бірі – Қазақстан. Ал көптеген мемлекет мұндай «қайырымды» қадамға бара бермейді. Мысалы, Қазақстанда елді демеп жіберудің бірталай тетігі қарастырылған. Мысалы, тұрғындар құрылыс компаниясына алданып, үйін ала алмай жүрсе, көмекке келетін – мемлекет. Ал Америкада, Еуропа елдерінде мұндай түсінік жоқ. Құрылыс компаниясы мен азаматтың арасындағы жеке келісімге араласпайды. «Бұл – сол адамның өз шешімі, ешкім оған күмәнді құрылысқа ақша салуға итермелеген жоқ» деген көзқараспен қарайды. Бұған халқы да үйренген.
Ал бізде бірден «Үкімет қайда қарап отыр?» деп, өздерінің кінәсін өзгеден іздеп шыға келеді.
Әнебір кездері Президент тапсырмасымен «азаматтардың кредит жүктемесін азайту» науқаны жүрді. Бұл кезде де жұртшылық оның талаптарына сәйкес келсін-келмесін, жаппай өтініш жаудыруға кірісті. Кредит кешіріміне ілікпей қалғандар тағы сол «Үкімет неге көмектеспейді?» деген ұранына басты.
Әлбетте, мемлекеттің әлеумет алдындағы белгілі бір жауапкершілігі болуы керек. Әсіресе, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, мүгедек бала асырап отырған азаматтарға Үкімет көмектесуі тиіс. Экономикалық дағдарыс кезінде азаматтар жұмыссыз қалса да мемлекет тарапынан көмек берілуі керек. Бірақ Үкімет жақтан осал топтардың еңсесін көтеруге бағытталған аз-кем көмегі бола қалса, оны алып қалуға бәрі жанталасып ұмтылады.
Былтыр коронавирус өршіген тұста мемлекет жұмыссыз қалғандарға ең төменгі айлық көрсеткіш есебінде 42500 теңге бергені белгілі. Бұл жәрдемақыны жұмыссыздар ғана емес, жұмыс істеп жүрген аяқ-қолы балғадай жандар да алуға жанталасты. Тіпті кейбіреулер баяғыда сүйегі қурап, өліп қалған туыстардың атынан да өтініш беріп жіберген. Мұны әлеуметтік масылдық демеске лажы жоқ. Үкіметтен келген тегін дүние ме, елден қалмай, алып қалу керек! Міне, патерналистік пиғыл деген осы. Әйтпесе, бұл болмашы ақша қай жыртыққа жамау болсын?!
Сарапшылар әлеуметтік масылдық қоғамдағы жоқшылық және мұқтаждықпен қатар жүреді деп есептейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп үйреніп алған адамның өмір салты да соған қарай бейімделеді. Көмек алып, тегін дүниеге үйреніп қалған адамда әрі қарай да ала берсем деген түсінік қалыптасады. Ал бұдан құтылудың жалғыз жолы – сананы жаңарту, ар-намысты ояту. Қазақта тілемсек деген жақсы ұғым емес. Тілемсектене беру, сұраншақ болу – бұл да патерналистік көрініс. Оның артында масылдық, жалқаулық, еріншектік тұрады және бұл ұят нәрсе, намыссыздықтың бір түрі. Сондықтан мұндай әлеуметтік масылдық санадан аулақ болған жөн. Тепсе, темір үзетін азаматтар нәпақасын тек еңбектеніп тапқаны абзал. Өйткені табысқа жетелейтін жалғыз жол – оқу мен еңбек. Алдыға мақсат қойып, еңбек еткен адам ешқандай ұтыссыз-ақ, жетістікке жететіні анық. Ұлы Неру айтқандай, «Кімде-кім батыл қимылдап, еңбек етсе, табыс соның үлесіне көбірек түседі».
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есептесуді күрт азайтты
Қоғам • Бүгін, 16:52
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:41
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:40
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жәрдемақы мөлшері өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:28
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі
Экономика • Бүгін, 16:19
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Акцияларын жариялауды жоспарлап отырған компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Экономика • Бүгін, 16:11
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 15:56
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:52
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 15:48
Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады
Экономика • Бүгін, 15:47
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Бүгін, 15:41
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Бүгін, 15:38
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:31
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды
Білім • Бүгін, 15:25
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Бүгін, 15:07
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл
Саясат • Бүгін, 14:57
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Видео • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Ұқсас жаңалықтар