Экология • 24 Желтоқсан, 2013

Тұщы су

655 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтауда оның жаңа қондырғысы іске қосылды

Маңғыстау туралы «теңіздің жағасында отырып, суға жарымайсыңдар» деп әзіл-шыны аралас қағытып қалады көрші аймақтағылар. Рас-ақ. Ағын су емес, тостағанға тұнған көжедей  томаға-тұйық болғандықтан, тұздылығы өте жоғары теңіз суын тұщытып кәдеге жарату керек. Ал бұл – үлкен жұмыс. Ақтауда осы жұмысты «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мойнына алған.

Ақтауда оның жаңа қондырғысы іске қосылды

Маңғыстау туралы «теңіздің жағасында отырып, суға жарымайсыңдар» деп әзіл-шыны аралас қағытып қалады көрші аймақтағылар. Рас-ақ. Ағын су емес, тостағанға тұнған көжедей  томаға-тұйық болғандықтан, тұздылығы өте жоғары теңіз суын тұщытып кәдеге жарату керек. Ал бұл – үлкен жұмыс. Ақтауда осы жұмысты «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мойнына алған.

Маңғыстауда «МАЭК» ме­кемесінің мәртебесі зор, өйткені, ауыз судан бөлек тұрмысқа қажетті ыстық және суық суын айырып, жылу және  жарықпен қамтамасыз ететін мекемені білмегенде ше?! «Дүниені нұрландыра түсейік» деп ұрандататын маңғыстаулық «МАЭК-тің»  емханасы да елге мақтаулы. Өз қызметкерлерін алдымен қабылдайтын емханада ұзақ-сонар кезек күтетін тұрғындар, мұнда ең бастысы, білікті дәрігерлердің барына шүкір етеді.

Қазіргі таңда 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорында су тұщытатын қондырғылар көнергендіктен, оларды жаңамен ауыстыру мәселесі өзектілікке ие болатын. Осыдан оншақты жыл бұрын пайдалануға берілген қондырғылар ескірумен бірге, тұрғындар саны ол жылдардағыдан әлдеқайда артқан аймақтың қажетін өтеуге қауқар-қуат жағынан қиналып та қалатын. Жұмыс істеп тұрған 7 қондырғының ең жаңасы осыдан бес жыл бұрын қолданысқа енгізілген екен. Егер су тұщыту қондырғылары жаңарса, тұшы­ты­латын су көлемін де, оның сапасын да арттыруға болатындығын айтатын мамандар. Жақсы ой ұлық мерекеге орай оңғарылды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы В.Школьник Маңғыстауға келіп, «МАЭК-тегі» қос қуаныштың басы-қасында болды.

Аймақ басшысы А.Айдарбаев және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы В.Школьник жаңадан су тұщыту қондырғысын іске қосу салтанатына қатысты. Су тұщыту саласындағы жаңа үлгі саналатын көлбеу түтікті пленкалық буландырғышпен жабдықталған қондырғы Францияның «SIDEM» компаниясында жасалған. Каспий теңізінің ащы суын «МАЭК-тің» сүзгісінен өткізіп, ауыз су ретінде тұтынатын  тұрғындар сапалы суға қол жеткізеді деген үміт бар.

Кәсіпорындағы екінші жаңа­лық – «МАЭК-Қазатомөнеркә­сіп» ЖШС-ның жөндеуден өткен дәрігерлік-санитарлық бөлімінің іске қосылуы болды. Бір ауысымда 150 адамды қабылдай алатын емханада 79 дәрігер қызмет етеді. Жатып ем аламын деушілерге 20 төсектік орын да бар. Жөнделген жаңа емхананың мерейі дәрігерлердің сапалы қызмет көрсетуімен асқақтай түссе дейміз.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

Суреттерді түсірген  Серік МАЙЕМЕРОВ.