Саясат • 09 Ақпан, 2021

Ел қорғаны – қуатты армия

276 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы командалық-штабтық жаттығуды жиі өткізеді. Өйткені әскери бөлімдердің сарбаздары жоғары жауынгерлік дайындықта болуы керек. Соған орай құрлық әскерлерінің бас қолбас­шысы, генерал-майор Талғат Қойбақовтың басшылығымен өткен жатты­ғудың бірнеше кезеңінде штабтар мен командалық-басқару органдары бағынысты бөлімшелерді басқару бойынша біліктілігін арттырды.

Ел қорғаны – қуатты армия

– Көп сатылы командалық-штабтық жаттығуларға әр деңгейдегі штабтар қатысады. Құрлық әскерлері, өңір­лік қолбасшылықтар мен әскери бөлім­дер деңгейінде тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Басты мақсат – алыс қа­шықтықта орналасқан басқару орган­дарының арасында заманауи техни­калық байланыс құралдары көмегімен ақпарат алмасу, – дейді «Батыс» өңір­лік қолбасшылығына қарасты жедел басқарманың бастығы, полковник Талғат Кенжетаев.

Оның айтуынша, командалық-штаб­тық жаттығулар – командирлердің, штаб­тар мен командалық-басқару қыз­меттерінің бірлескен жаттығуының бір түрі. Мұндай оқу-жаттығулар кезінде әскери істі жетілдірудің жаңа түрлері зерттеліп, бағынысты бөлімшелерге басшылық етудің жетілдірілген әдіс­тері сараланады. Мәселен, барлаушылар – әскерилердің көзі мен құлағы. Сондықтан олардың дайындығы өте күрделі, ауыр әрі қызықты ахуалдарға толы болады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы­ның оқу полигондарында барлаушы­лар тобы жауынгерлік атысты орындап, қосымша іздеу, рейд пен торуыл­дау жүргізуді пысықтады. Барлау бөлім­шелері күндізгі және түнгі уақытта штаттық қарудан жауынгерлік атуды жүргізді. Соның ішінде өткен жыл­дың күзінде шақырылған мерзімді қыз­меттегі сарбаздар алғаш рет бө­лім­ше­лер мен топтардың құрамында тә­жі­ри­белік барлау жаттығуларына қатысты.

Барлаушылардың жауынгерлік атыс­тары заманауи ұрыстарға барынша ұқсас жағдайда ұйымдастырылды. Жеке құрам қорғаныста, шабуылда, сондай-ақ жорықта әрекет ету қабілетін шыңдады. Жауынгерлік атыс кезінде командирлердің деңгейін тексеруге, тез өзгеретін ортада бағыныштыларды басқаруға ерекше назар аударылды. Бөлімшелер әсери тапсырмаларды негізгі күштерден алыс жерде шағын топтар құрамымен орындауды үйренді.

– Жауынгерлік атыс – жеке құрам­ның жауынгерлік үйлестіру мен атыс­ты даярлаудың соңғы кезеңі болып табылатын тактикалық дайындықтың ең жоғары формасы. Атысты жүргізу үшін штаттық, сонымен бірге бекітілген бө­лімшелердің барлық қару түрімен жер­­дегі және әуедегі нысаналарды ату­ды қамтамасыз ететін орта жасалды, – дейді арнайы барлау ротасы­ның командирі, капитан Қобыланды Маратов.

Сондай-ақ барлау бөлімшелерінің далалық жорығы кезінде олардың дербес жағдайға бейімделуі мен кедергі­лер жолағынан өтуі, атыс жаттығулары­ның нормативтерін орындауы ерекше қадағаланды. Барлаушылардың па­йымдауынша, тактикалық дайын­дықтың бұл кезеңі олардың өзара үйле­сімділігін жақсартып, жеке құрамның атыс дайындығын арттыруға зор сеп­тігін тигізеді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығын­да мұндай жауынгерлік дайындық бағ­дарламасы әскери байланысшылар үшін де өткізілді. Байланысшылар штаттық техникаларда нормативтер мен тапсырмаларды орындауды тағы бір рет тиянақтады. Мұндай арнайы тактикалық дайындық әскерилерді оқыту мен далалық машығын арттыратын негізгі пән деуге болады. Өйткені әскери бөлімшелердегі жеке құрамның (экипаж) ұрыс жағдайының әр кезеңінде байланыс құралдарын орналастыруы үшін үйлесімді әрі тиянақты іс-әрекеттерді кешенді түрде пысықтауға мүмкіндік береді. Ал тұрақты орналастыру пункттеріндегі тәжірибелік жаттығуларда әскери байланысшылар рота командирлерінің басшылығымен байланыс құралдарының жалпы құра­мын, стансалар мен аппаратура­ларды құруды, байланыс орнатуды зер­делейді. Сондай-ақ әскерлер мен қыз­мет бастықтарының радио желісінде радиотренингтер өткізеді.

– Арнайы тактикалық дайындық ке­зінде жеке құрам штаттық радио­стансалар мен аппаратураларда тап­сыр­маларды орындады. Се­бебі әр экипаж – белгілі бір аумақта жо­ғары штабтың тапсырмасын жеке орын­дай алатын жауынгерлік бірлік. Сон­дықтан дайындықты жоғары деңгейде өткізудің маңызы зор, – деді радиотарату командирі, лейтенант Әділет Құрмашев.

Енді алдағы тактикалық-жауын­гер­лік дайындық кезеңінде әскери бай­ланысшылардың шеберлігін бөлімше мен экипаждар құрамында бірыңғай нормативтер бойынша бағалау көз­де­ліп отыр. Кейін жауынгерлік даяр­лық взвод құрамында жалғасады. Коман­дирлердің пікірінше, әскери байланысшылар үнемі жоғары жауынгерлік дайындықта болуы керек. Өйткені ел қорғаны саналатын қуатты әскер үшін барлық деңгейдегі ақпаратты қабылдау мен тарату байланысшыларға жүктеліп отыр.

 

Атырау облысы