Қоғам • 09 Ақпан, 2021

Қазақстанның қай өңірлері «қызыл» аймақта тұр?

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның қай өңірлері «қызыл» аймақта тұр?

Комиссия мәліметіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Павлодар облыстары коронавирус жұқтырғандар бойынша қазір «қызыл» аймақта тұр.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта, ал қалған облыстар «жасыл» аймаққа кіреді.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 918 адам коронавирус жұқтырды.