Пандемия жағдайын ескере отырып, азаматтарды қабылдау онлайн түрде жүзеге асырылады.
Заңгерлер – дүйсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін
Адвокаттар – сейсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін
Медиаторлар – сәрсенбі және жұма сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін
Нотариустар – жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.
Консультацияға жазылу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласу қажет:
1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
2. Whatsapp мессенджері 8 700 800 4441
3. komek@nurotan.kz
Жобаның серіктестері: «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ, Республикалық адвокаттар алқасы, «Халықаралық медиация орталығы» РҚБ және Республикалық нотариаттық палата.
Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде отбасы, әйелдер және балалар құқықтары, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызмет» арнайы байланыс орталығы іске қосылды. Оған 5 айға жетпейтін уақыт ішінде 5,8 мыңнан астам қоңырау түсті.
Жалпы, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне еліміз бойынша 393 мыңнан аса өтініш түсті. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.