Құжатта орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары, оқу процесін жүргізу, қолдану және ұйымдастыру тәртібі, білім алушылардың білімін бақылау регламенттелген.
Құжат жобасының толық мәтінімен ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін интернет-порталдың ашық нормативтік құқықтық актілер бойынша сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6595697.