Әлем • 09 Ақпан, 2021

Ватиканда Қасиетті тақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақты арттыру үшін келіссөздер жүргізілді

364 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Елшісі Әлібек Бақаев Жаңа жыл мерекесіне орай Рим Папасы Франциск атынан ресми қабылдауға қатысты. Пандемияға қарамастан, Қасиетті тақ дәстүрді өзгертпей, аталған іс-шараны Ватиканның Апостол сарайында өткізді.

Ватиканда Қасиетті тақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақты арттыру үшін келіссөздер жүргізілді

Дипломатиялық корпус алдында өзінің сөзінде Рим Папасы Франциск басқа елдерге апостолдық сапарларын қайта бастағысы келетінін атап өтті. Ол «мұндай сапарлар пікір алмасу және диалог рухында әртүрлі діндер арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік бергеніне және қазіргі уақытта діндер арасындағы диалог халықтар мен мәдениеттерді жақындастырудың маңызды құралы болып табылатындығына» ерекше көңіл аударды.

Елшімен сұхбат барысында Рим Папасы Франциск Қазақстан басшылығына – Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебіздерін жеткізуді сұрады. Сұхбаттасушына алғысын білдіре отырып, Елші оның Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне қатысатындығына үміт білдірді.

Ватиканға сапары барысында Ә.Бакаев Қасиетті тақ Хатшысының басқа мемлекеттермен байланыс жөніндегі орынбасары (Сыртқы істер министрінің орынбасары) Монсиньор Мирослав Ваховскимен көліссөздер жүргізді. Кездесу барысында ол Елімізде болып жатқан саяси реформалар және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау нәтижелері туралы хабардар етті.

Келіссөздердің негізгі күн тәртібі – екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауы болды, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың Ватиканға алдағы сапары, Ватиканның аталған Съезге қатысуы, Ватикан банкінің AIFC қаржы алаңын дамыуна қатысты перспективалар  және Қасиетті тақ пен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуы.

Монсиньор М. Ваховски өз тарапынан екі мемлекет ынтымақтастығының нығаюын орындалуын қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен Ватикан арасындағы екіжақты қатынастар 1992 жылы 17 қазанда орнатылды. 1998 және 2009 жылдары Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ватиканға ресми сапарлары өтті, ал 2001 жылы Елбасының шақыруымен Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік пасторлық сапармен келді.