Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Шымкентте аяқ киім фабрикасы табан мен қалып өндіру бойынша жаңа желіні іске қосты

1584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында "Lux Shoes" ЖШС табан мен қалыптарды өндіру фабрикасын іске қосты. Зауыттың қуаты ЭВА материалынан 250 жұп табан, термодан 350 жұп табан және 150 жұп табан каучуктен шығаруға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте аяқ киім фабрикасы табан мен қалып өндіру бойынша жаңа желіні іске қосты

Аяқ киім өндіретін отандық кәсіпорын "LUX Shoes" ЖШС 2018 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы Еңбекші ауданының "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында жұмыс істейді. Жобаға салынған инвестиция сомасы 400 млн теңгені құрады, фабрикада 40 адам еңбек етеді.

Сонымен қатар, 2020 жылдың басында кәсіпорында балалар, ерлер және әйелдердің аяқ киімдеріне арналған қалыптар мен табандар, сондай-ақ арнайы мақсаттағы аяқ киімдерге арналған табандар өндірісі жолға қойылды. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында өндірісті кеңейтуге 290 млн теңге бөлінді және жергілікті тұрғындар үшін қосымша 10 жаңа жұмыс орны құрылды.

Шығарылатын өнім ассортиментінде ерлер аяқ киімінің 30-дан астам моделі бар (етік, бәтеңке, туфли, сандалии, спорттық аяқ киім және басқалар). Аяқ киімнің барлық модельдері таза былғарыдан жасалған және жоғары беріктікке ие. Аяқ киім табанын дайындау процесінде мынадай материалдар пайдаланылады: ЭВА, термо және каучук.

Өз кезегінде, арнайы экономикалық аймақтың дайын инфрақұрылым түріндегі жеңілдіктері мен преферациялары, жерге, мүлікке салықтардан, корпоративтік табыс салығынан босату, импорттық ҚҚС-тан босату, импортталатын шикізат пен жабдыққа кедендік баждар кәсіпорынның тұрақты дамуына және нарықты отандық өндірістің бәсекеге қабілетті өнімдерімен толтыруға мүмкіндік береді.