Жұмыстар кестесіне сәйкес, сынақ-монтаждау корпусының жаңғырық шықпайтын камерасында кеменің автономды сынақтарының циклі өткізілді. Сондай-ақ «Союз МС-18» кемесінің Халықаралық ғарыш станциясына жақындауы мен түйісуін қамтамасыз ететін радиотехникалық аппаратураның қызметін тексеру бойынша операциялар жүргізілді.
«Союз МС-18» басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2021 жылдың 9 сәуірінде ұшырылатыны жоспарланған. Кеме Халықаралық ғарыш станциясының бортына келесі – 65-інші негізгі экспедицияның экипажын жеткізетін болады.
Байқоңырдан 2021 жылдың 15 ақпанында – «Прогресс МС-16» ғарыштық жүк кемесі, 28 ақпанда «Арктика-М» ғарыш аппараты ұшырылады.