Әлем • 09 Ақпан, 2021

Өзбекстанда президент сайлауы қазан айында өтетін болды

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда «Сайлау заңнамасының жетілдірілуіне байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өзбекстанда президент сайлауы қазан айында өтетін болды

Түзетуге сәйкес, Өзбекстан елінде Президент сайлауы, Олий Мәжілістің Заңнамалық палатасына сайлау, Қарақалпақстан Республикасының Жокаргы Кеңесіне, облыс, аудан және қалаларда мемлекеттік биліктің өкілдік органдарына сайлау өкілеттіктің Конституциялық мерзімі аяқталатын жылы, қазан айының үшінші онкүндігінің бірінші жексенбісінде (бұған дейін желтоқсан айында болған) өтеді.

Сайлау бойынша сайлау учаскелерін аймақтық сайлау комиссиялары аудандық және қалалық хокимияттардың ұсынысымен, ал аудандық және қалалық Кенгаш депутаттарын сайлау бойынша сайлау учаскелерін аудандық және қалалық сайлау комиссиясын құрады (бұрын сайлау учаскелерін аудан және қала хокимияттарының ұсынысымен аймақтық сайлау комиссиялары құрған).

Аймақтық сайлау комиссиялары аудандық және қалалық халық депутаттарының Кенгащтарын сайлау үшін құрылмайды (Ташкент халық депутаттарының қалалық Кенгашынан басқа). Бұл заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.