Оқиға • 10 Ақпан, 2021

Қысылтаяң шақта көрсетілген қолдау

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Пандемия жағдайында мемлекет 2020 жылы тиісті жеке және заңды тұлғаларға нақты көмек көрсету арқылы экономика мен әлеуметтік саланы тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шара қабылдады. Бұл туралы саясаттанушы Андрей Чеботарев өзінің «Қазақстан-2020: коронадағдарыспен күрес және жаңа реформалар» атты сараптамалық баяндамасында атап өтті.

Қысылтаяң шақта көрсетілген қолдау

Бұл жағдайда шектеу шара­ла­рының енгізілуіне байланыс­ты табысынан айырылған аза­мат­тар­ға, сондай-ақ өзін өзі жұ­мыс­пен қамтығандарға немесе бейресми жұмыс істей­тін­д­ерге 1 ЕТЖ (42 500 теңге) мөлшерінде ай сайынғы төлемдер беру бірін­ші кезектегі шара болды. Тиісті өтінімдерді беру үшін еgov.kz порталы, сондай-ақ арнайы құрылған «42500.enbek.kz» порталы қолданылды. Қа­рас­тырылып отырған қар­жы­лық көмекті көрсету үшін Мем­ле­кет­тік әлеуметтік сақтан­ды­ру қорынан 476 млрд теңге бөлінді. Төлемдер 2020 жылдың сәуір-мамыр және шілде айларында төтенше жағдай кезінде және одан кейінгі шектеу шаралары кезінде берілді. Бұл көмекті барлығы 4,6 млн адам алды.

Қарастырылып отырған про­­цеске түрлі мемлекеттік емес құрылымдар да өз үлес­те­рін қосты. Тұңғыш Пре­зидент – Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың бастамасымен панде­мия жағ­дайында халықтың әлеу­меттік осал топтарына қа­йы­рымдылық кө­мек көрсету үшін құрылған «Birgemiz» қо­ғамдық қорын ерекше атап өткен жөн. Қорға 2020 жылдың қазан айының ортасына қарай сомасы шамамен 34 млрд теңге­ні құраған қайырымдылық тү­рін­дегі ақшалай қаражатты отандық биз­несмендер мен меценаттар ұсынды. Осы қордан 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем түрінде қаржылық көмек 2,2 млн қазақстандыққа немесе 650 мыңнан астам отбасына берілді. Сондай-ақ 320 мың отбасына азық-түлік себеттері мен бірінші кезекте қажетті тауарлар, тағы 100 мыңына 5 млн медициналық маска берілді.

Төтенше жағдай режімі мен ка­рантиндік шектеу шара­ла­ры­­ның енгізілуіне байланысты тұ­рақты атаулы әлеуметтік көмек алу­шы­ларға оны тағайындау уәкі­летті мем­лекеттік орган­дар­ға жүгінбей-ақ жыл бойы ұзартылды. Атап айтқанда, 2020 жылғы төртінші тоқсанда бұл шара 130 мың отба­сының 650 мыңнан астам азаматына қатысты болды. Өткен жылдың 1 желтоқсанындағы жағ­дай бойынша 168,6 мың отбасыдан 858 мыңнан астам адамға 58,3 млрд теңге сомасында АӘК тө­ленді. Сонымен қатар былтыр желтоқсан айының ортасына қарай 92,4 мың адам жұ­мы­сы­нан айырылуына байланыс­ты Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорынан әлеуметтік төлемдер алды.